Қазақстанның саяси және экономикалық реформалары ірі медиа-агенттіктің назарын аударды

Қазақстанның саяси және экономикалық реформалары ірі медиа-агенттіктің назарын аударды

Тель-Авив, 2024 жылғы 13 ақпан – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов «Publicis groupe» ірі медиа-агенттігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Пікірталас кезінде дипломат Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы баяндап, топ-менеджерлердің назарын жаңа үкіметтің алдына таяу жылдары жүзеге асырылу міндеті қойылған экономика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, логистика, IT, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы жаһандық жобаларға аударды.

Тараптар сонымен қатар халықаралық сипат алған ағымдағы ахуал жайлы пікір алмасты. Бұдан бөлек, С.Бұршақов Астана халықаралық форумының жұмысымен таныстырып, медиа-менежерлерді «Адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ұлттар бірлестігі: Бірге үздік әлем құрамыз» атты тақырыпта өтетін ауқымды шараға қатысуға шақырды.

Форумға қатысуға қызығушылық танытқан «Publicis groupe» Президенті Йорам Бауман еліміздегі адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістерге оң бағасын берді.

Publicis groupe – 1926 жылы негізі қаланған компанияның бүгінде 100-ден астам елде кеңсесі бар әлемдегі екінші ірі медиа-агенттік.