Шахмат дипломатиясы: Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтуда

Шахмат дипломатиясы: Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтуда

Тель-Авив, 2023 жылғы 30 қаңтар – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Турлов Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Бас директоры Эмиль Сутовскиймен кездесу өткізді.

Тараптар биыл көктемде Астанада өтетін шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты талқылады.

Эмиль Сутовский Қазақстандағы шахмат спортының дамуына және еліміздің әлемдік шахмат аренасындағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

Кездесуге қатысушылар, сондай-ақ Қазақстандық шахмат федерациясы мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде шахмат үйретудің тиісті жүйесін енгізу мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан шахмат федерациясы мен FIDE желісі бойынша екіжақты байланыстарды жандандыруға жәрдемдесуге келісті.