Қазақстан Елшісі Израиль Президентінің көмекшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі Израиль Президентінің көмекшісімен кездесті

Тель-Авив, 2023 жылғы 18 қаңтар – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі Цви Вапнимен кездесуі барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспары талқыланып, жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыру мәселелері жөнінде пікір алмасу болды.

Келіссөздер аясында қазақстандық дипломат израильдік әріптестерге мемлекеттік органдарда қарастырылып жатқан екіжақты келісімдердің жобаларын жылжытуды, сонымен қатар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.

 Сонымен бірге, С.Бұршақов израильдік дипломатты Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бойынша жүргізіп жатқан маңызды реформалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Өз кезегінде, Ц.Вапни жаңа жылдағы екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, белсенді әрекеттесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Израиль бастамаларын одан әрі ілгерілетуге уағдаласты.