Израильдік агробизнес Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Израильдік агробизнес Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Тель-Авив, 2022 жылдың 29 желтоқсаны – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің солтүстігіндегі ірі ауыл шаруашылығы коммуналарының бірі – Магаль кибуцында болды.

Сапар аясында «Netafim» компаниясының өңірлік Директоры Зохар Зив, Кибуц индустриясы қауымдастығының халықаралық сауда жөніндегі Директоры Михал Зоран, сондай-ақ «Mapalagro», «AgroScout» және «Tal-Ya» агротехникалық компанияларының өкілдері С.Бұршақовты жоғары технологиялық жылыжайлармен және фермалармен жұмыста қолданылатын озық ирригациялық шешімдермен таныстырды.

Дипломат еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін атап өтіп, израильдік аграршыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ инвесторларды Үкімет пен өңірлер тарапынан кешенді қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған реформалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, тамшылатып және микро суару нарығында әлемдік көшбасшы болып табылатын «Netafim» компаниясының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға, жылыжайлар мен су шаруашылығы құрылысы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Осыған орай, 2023 жылы Қазақстанның кейбір өңірлеріне бизнес-миссиялар ұйымдастыру жоспарлануда