Израильдегі дін жетекшілері Астанада болды

Израильдегі дін жетекшілері Астанада болды

Бас сефард раввині Ицхак Йосеф, Ашкенази бас раввині Давид Лау, Иерусалим патриархы Феофил III, Бахай халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы Дэвид Рутштейн, Еуро-Азия еврей конгресінің бірінші вице-президенті Арон Френкель, EAЕК бас директоры Хаим Бен-Яаков 14-15 қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты.

Сапар барысында Бас раввиндер мен Иерусалим Патриархы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Рим Папасы Францискпен кездесті.

Президент Діни жетекшілерге Әлемдік діндер съезінің қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық уақытта ұзақ тарихи кезеңде дамыған діни және мәдени әртүрлілігімен ерекшеленетінін атап өтті. Қазақстан аумағында ірі әлемдік және дәстүрлі діндердің, соның ішінде иудаизм мен христиандықтың рухани дәстүрлері тоғысқан. Оның айтуынша, Қазақстан конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бағытында дәйекті саясат жүргізіп келеді.

Дін басшылары өз сөздерінде Қазақстан Президентіне шақырғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, Съездің «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» тақырыбының өзектілігін атап өтті. Олар, сонымен қатар, әлем лидерлерінің бейбітшілік, келісім және өзара құрмет құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған шешуші шаралар қабылдауының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан халқына және Президентіне алғыс айтты.