Қазақстанның Израильдегі Елшісінің ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесуі туралы

Қазақстанның Израильдегі Елшісінің ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылдың 5 тамызы – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі делегациясының ағымдағы жылдың қыркүйек айында Израильде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің 72-ші сессиясына қатысу бағдарламасы талқыланды.

Осы тұрғыда С.Бұршақов Министрді Қазақстан мен Израиль арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму келешегі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, екі елдің медицина саласындағы ынтымақтастығын кеңейту, медицина орталықтары арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері, мамандарды тағылымдамадан өткізу және академиялық алмасу, Израиль медицинасының озық тәжірибесі мен жаңа технологияларын тарту жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды.