Еуро-Азиялық Еврейлер Конгресі Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысады

Еуро-Азиялық Еврейлер Конгресі Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысады

Тель-Авив, 2022 жылдың 4 шілдесі – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Еуро-Азиялық Еврейлер Конгресінің (ЕАЕК) Президенті Михаил Мирилашвилимен кездесті.

С.Бұршақов сұхбаттасушыны VII Съезді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары туралы хабардар етіп, аталған іс-шара бүкіл адамзат үшін бейбіт болашақ құру жолындағы негізгі фактор болып табылатын дінаралық және өркениетаралық диалог идеясын одан әрі ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.

М.Мирилашвили 2019 жылы Нұр-Сұлтанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуін жылы шыраймен еске алып, осындай маңызды іс-шараға шақырғаны үшін Қазақстан басшылығына алғыс сөздерін жеткізуді сұрады және оның табысты өткізуіне қомақты үлес қосуға ниет білдірді.

Сондай-ақ, Елші мен ЕАЕК Президенті Қазақстан Президентінің басшылығымен елде жүргізіліп жатқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды талқылады.