Қазақстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды

Қазақстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды

2022 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Осы айтулы оқиғаға орай Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Кипрдің Сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидис өзара құттықтау хаттарымен алмасты.

Осы кезең ішінде Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының жылдан-жылға нығайып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастық жоғары деңгейге жетті. Сонымен қатар, екі елдің парламенттерінде құрылған ынтымақтастық жөніндегі топтар парламентаралық байланыстарды нығайту ісіне елеулі үлес қосуда.

Сыртқы істер министрлері, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында, дәстүрлі түрде кездесіп тұрады. Осыдан тура он жыл бұрын, 2012 жылғы 2 сәуірде Кипрдің Сыртқы істер министрі Эрато Козаку-Маркуллис ханым Қазақстанда алғашқы ресми сапармен болды. 2019 жылдың мамыр айында Астанаға Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидис сапармен келді.

Екіжақты байланыстардың маңызды бағыттарының бірі сауда-экономикалық сала болып табылады. Негізгі инвесторлар ішінде Кипр жетекші орында тұр. 2005-2020 жылдары кипрлік инвесторлар Қазақстан экономикасына 2,8 млрд. АҚШ долл. Көлемінде инвестиция құйды. Өз кезегінде, аталған мерзім ішінде ҚР-лық кәсіпкерлер Кипр экономикасына 1,3 млрд. Долларға жуық инвестиция салды.

2019 жылы мамырда екі ел арасында Қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қойылды. 2020 жылы Никосияда Кипр-Қазақстан бизнес қауымдастығы құрылды.

Тараптар әділет министрліктері мен бас прокуратуралар арқылы құқықтық саладағы өзара іс-қимылға үлкен мән береді.