Кипрдің бизнес қауымдастығы Қазақстанның «Ашық есік» инвестициялық саясатының өзгермейтіндігін қолдайды

Кипрдің бизнес қауымдастығы Қазақстанның «Ашық есік» инвестициялық саясатының өзгермейтіндігін қолдайды

Тель-Авив, 2022 жылдың 10 ақпаны – Қазақстанның Кипрдегі Елшісі (қызметін қоса атқарушы) Сатыбалды Бұршақов Кипр-Қазақстан бизнес қауымдастығы басқармасының жыл сайынғы отырысында сөз сөйледі.

Бизнестің түрлі салаларын қамтитын кипрлық компаниялар, сондай-ақ сарапшылар қатысқан онлайн іс-шара Қазақстандағы соңғы оқиғаларға киприоттардың қызығушылығын көрсеткен қызу пікірталас форматында өтті.

Елші қатысушыларды Қазақстандағы ахуалдың дамуы және жағдайды тұрақтандыру бойынша мемлекет тарапынан қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық ахуалды нығайту және инвесторлар үшін Үкіметтің барлық міндеттемелері мен кепілдіктерді сақтау бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аудара отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын түсіндіруге ерекше мән берілді.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылап, ағымдағы жылы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты байланыстардың оң сипатын атап өтті.

Кипр-Қазақстан бизнес-қауымдастығының төрағасы Костас Маркидес еліміздің «Ашық есік» инвестициялық саясатының өзгермейтіндігін құптай отырып, Қазақстан халқына қолдау сөздерін білдірді және Қауымдастық екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту үшін өз күш-жігерін жалғастыратынын растады.

Кипр-Қазақстан бизнес қауымдастығы Кипр сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен 2019 ж. қыркүйекте құрылды. Қауымдастық қызметі Кипр мен Қазақстан арасындағы іскерлік қатынастарды одан әрі ілгерілетуге, кеңейтуге және ынталандыруға бағытталған. Кипрлік компаниялардың 40-тан астам өкілдері қауымдастық мүшелері болып табылады.

2021 жылдың 9 айында Кипрдан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 479,5 млн. АҚШ долл. құрады. ҚР-да кипрлік қатысуымен 292 компания тіркелген.