Қазақстан Елшісі Израиль Президенті Кеңсесінде келіссөздер өткізді

Қазақстан Елшісі Израиль Президенті Кеңсесінде келіссөздер өткізді

2022 жылдың 10 ақпаны - Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Президентінің сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі Цви Вапнимен кездесті.

Кездесу барысында Елші израильдік дипломатты Қазақстан Үкіметінің елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау мен ынталандыруға, шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған бастамалары мен ұсыныстарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын талқылап, дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы аясында екіжақты байланыстардың дамуының оң сипатын атап өтті.

Биылғы жылы күзде АӨСШК Саммитін, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуге байланысты тараптардың өзара іс-қимылы өте маңызды болып табылатындығы айтылды.

Елші Ц.Вапни Қазақстанға мемлекетті, экономиканы және қоғамды жан-жақты жаңғырту жөніндегі ауқымды күн тәртібін жүзеге асыруда сәттілік тіледі.