Қазақстан 54 елдің азаматтары үшін визасыз режимді жаңартты

Қазақстан 54 елдің азаматтары үшін визасыз режимді жаңартты

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан 54 ел үшін, оның ішінде Израиль Мемлекетінің азаматтары үшін біржақты визасыз режимді қайта енгізгенін хабарлаймыз (визасыз режим коронавирус пандемияға байланысты 2020 жылғы 17 сәуірде тоқтатылған болатын).

Екі ел арасында тікелей әуе қатынасының болмауына байланысты Израиль азаматтарына Қазақстанға келу үшін ведомствоаралық комиссияның (ВАК) рұқсаты талап етіледі.

(ВАК рұқсатын алу алгоритмы келесі сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/migration/press/article/details/35589?lang=kk).

Бұл рұқсат ҚР азаматтарының отбасы мүшелері және туыстары болып табылатын азаматтар санаты үшін – туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (ерлі-зайыптылар, ата – аналары мен балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) талап етілмейді.