Қазақстан Елшісі Ұлы Отан соғысы басталуының 80 жылдығына орай Израиль Кнессетінің естелік іс-шарасына қатысты

Қазақстан Елшісі Ұлы Отан соғысы басталуының 80 жылдығына орай Израиль Кнессетінің естелік іс-шарасына қатысты

Тель-Авив, 2021 жылдың 21 маусымы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Кнессеті (Парламент) ұйымдастырған нацистік әскерлердің КСРО аумағына басып кіруіне және Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған еске алу іс-шарасына қатысты.

Атаулы күнге орай өткізілген жиында Ұлы Отан соғысына қатысушыларың ерлігіне құрмет көрсетіліп, Қызыл әскер жауынгерлерінің, соның ішінде қазақстандықтардың нацизмді жеңуге және еврей халқын Холокост қасіретінен құтқаруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Іс-шараға Израиль Кнессетінің төрағасы Мики Леви, Туризм министрі Константин Развозов, Әлеуметтік теңдік министрі Мерав Коэн, Беларусь Республикасының Елшісі Евгений Воробьев, Ресей Федерациясының Елшісі Анатолий Викторов, Кнессет депутаттары, израильдік СІМ өкілдері, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

Майданға 1,2 млнға жуық қазақстандық аттанған, олардың 600 мыңнан астамы қаза тапты. Шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін жүздеген мың адам ордендер мен медальдар, 500-ден астам Кеңес Одағының Батыры атағына иеленді. Фашизмді жеңуге тыл еңбеккерлері баға жетпес үлес қосты.

Соғыс жылдары Қазақстан оккупацияланған аумақтардан 532 мыңнан астам отандастарын және депортацияға ұшыраған 2,5 млн адамды қабылдады. Елімізге Ұлы Жеңісті жақындата түскен тыл еңбеккерлері тер төккен жүздеген өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістер көшірілді. Майданға жіберілген әр он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылған.