Қазақстан мен Өзбекстанның Израильдегі Елшілерінің кездесуі туралы

Қазақстан мен Өзбекстанның Израильдегі Елшілерінің кездесуі туралы

Тель-Авив, 2021 жылдың 1 маусымы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Өзбекстанның Израильдегі Елшісі Феруза Махмудовамен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, Таяу Шығыстағы ахуал, Израильмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты.

Дипломатиялық миссиялардың басшылары бауырлас екі елдің елшіліктері деңгейінде дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.