Израиль саясаткерлері Елбасы туралы

Израиль саясаткерлері Елбасы туралы

Елбасы Израиль мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастарының бастауында тұрды. Өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықтың берік негізін қалаған екі ел арасындағы алғашқы келісімдерге Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылы Израильге мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

Өткен жылдар ішінде елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылдың сындарлы, орнықты, өзара тиімді мазмұнға ие моделі жасалды.

Өз құттықтауларында көрнекті Израиль саясаткерлері Назарбаевтың тарихи рөліне тоқтала келе былай деп атап өтті:

 Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан экономикасы әртараптандырылған, жарқын, заманауи елге айналды. Ол шын мәнінде Орталық Азияда ғана емес, одан тыс жерлерде де санасу керек елге айналды.

2016 жылғы желтоқсандағы Қазақстанға сапарым менің қызметімдегі маңызды сәттердің бірі болды және біздің елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достықты нығайтуға мүмкіндік берді. Ол бізге экономика, цифрландыру, инновациялар, су технологиялары, агробизнес, киберқауіпсіздік және денсаулық сақтау сияқты салалардағы екіжақты қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. Мен бұл қарым-қатынастар одан әрі дами беретініне күмәнім жоқ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху

 

Сіздің көрнекті тұлғаңыздың басшылығымен Қазақстан Республикасы Орталық Азия мен әлемдегі ең маңызды елдердің біріне айналды.

Сіз шынымен де өз халқын қолдайтын және халқының қалауына бөленген әлемдік көшбасшылардың ішіндегі санаулылардың бірісіз. Халқыңыз Сізді дәл осылай есте сақтайтын болады.

Сіздің арқаңызда Қазақстан әлемнің көптеген елдері үшін үлгі бола алады.

Сіздің Израиль Мемлекетімен достығыңызды және екіжақты қатынастарды ілгерілету жөніндегі әрекеттеріңізді Израиль басшылары мен халқы ұмытпайды.

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт

 

Қазір қиын қезең. Біздің әлемде көреген көшбасшылардың жетіспеушілігі байқалады. Ішкі бағдарлары бар, өз халқына ынтымақтастық, толеранттылық және этикалық нормалар қағидаттарын сіңіруге қабілетті көшбасшылар жетіспейді.

Қазір қиын уақыт. Бізге қазіргі жағдайды түсінетін, алыс болашаққа көз жүгірте алатын және оған жетелейтін көшбасшылар қажет.

Қазір қиын уақыт. Тек алауды ғана емес, сонымен қатар оны жағу үшін сіріңке ұстауға қабілеті бар көшбасшылар өте аз. Сіз сол аздардың біріне жатасыз. Сізге көп жылдар бойы Қазақстан халқына жасампаздық сыйлауды тілеймін.

Израиль бұрынғы премьер-министі Эхуд Барак