Қазақстан мен Израиль агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық жайын талқылады

Қазақстан мен Израиль агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық жайын талқылады

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбековтың және Израильдің іскер топтарының  қатысуымен онлайн-кездесу ұйымдастырды.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов өз сөзінде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы хабарлап, Израильдің бизнес қауымдастығын инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетін тиімді пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде, Н.Дайырбеков агро өнеркәсібінің басым бағыттарымен таныстырып, саланы мемлекеттік тарапынан қолдау шаралары мен оның инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді.

Израильдің технологиялық және ғылыми мол тәжірибесін ескере отырып, вице-министр осы елдің компаниялары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және зерттеулер жүргізу үшін тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Сонымен қатар, бейнеконференция барысында «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері  Михаэль Роэ мен Моше Мазинтер, LR Group бас директоры Ами Люстиг және тің: «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялау»; LR Group Terra Verde компаниясының президенті Джонатан Спенсер сөз сөйледі.

Іс-шара нәтижесінде желтоқсан айында Қазақстанға Израильдің бизнес-миссиясы жоспарлануда.