Қасиетті от Иерусалимнен Қазақстанға жеткізілді

Қасиетті от Иерусалимнен Қазақстанға жеткізілді

Қасиетті Пасха мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігі еліміздің православтық азаматтарынан құралған делегацияға Иерусалим қаласындағы Қасиетті Қабір шіркеуінен Қасиетті отты Қазақстанға жеткізуге қолдау көрсетті.
12 сәуір күні Қасиетті от Алматы қаласына жеткізіліп, алдағы уақытта ел өңірлеріне Пасхаға арналған діни рәсімдерге пайдалану үшін таратылады.
Барша православтық азаматтарды сүйіспеншілік пен үміттің, рухани жаңарудың жарқын нышаны болып табылатын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!