ҚР азаматтарының назарына

ҚР азаматтарының назарына
Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне, өңірдегі қақтығыстардың ұзаққа созылу ықтимал болжамдарына және әуе кеңістігінің жабылуына байланысты референдум учаскелеріне бюллетеньдерді жеткізу мәселесінің күрделенуіне орай Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы референдум бойынша №417 учаскесінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз. Бұл ретте ҚР азаматтары өздерінің сайлау құқығын іске асыру үшін ҚР-дың шет елдердегі басқа мекемелері жанындағы ашық референдум учаскелерінде дауыс бере алатынын еске саламыз.