
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда (сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Дауыс беру күніне 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығы бар Қазақстанның әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Көрсетілген құқықтық норманы іске асыру үшін Елшілік Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізуі қажет.
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы №417 учаскесінің дауыс берушілер тізіміне Израиль аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Израиль Мемлекетінің аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын барынша қамту мақсатында 2026 жылғы 5 наурызға дейін (қоса алғанда) өз деректеріңізді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, тұрғылықты жерінің мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум – 2026» деген белгімен келесі электрондық пошта мекенжайларына жолдауыңызды сұраймыз: t.ryskeldiyev@mfa.kz, kzembtlv@gmail.com немесе +972 53 272 1815 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдумға дауыс беру күні Израиль аумағында жүрген ҚР кәмелетке толған барлық азаматтары қатысуға құқылы екенін атап өтеміз. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы референдум бойынша №417 учаскелік комиссиясы өз жұмысын Тель-Авив қаласында (сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін) жүзеге асыратын болады.