Кипр коронавируспен күрес аясында Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетуде

Кипр коронавируспен күрес аясында Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетуде

Қазақстанның Израильдегі және Кипр Республикасындағы Елшілігінің көмегімен 12 қазанда Алматы қаласына Кипрдің Remedica фармацевтикалық компаниясының гуманитарлық көмегі жеткізілді.

Салмағы 500 келідей жүк 9000-нан астам дәрі-дәрмектер мен 50 000 маскадан тұрады. Гуманитарлық көмек Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша Қазақстан аймақтарына тарату үшін бірыңғай дистрибьютор болып табылатын СК «Фармация» компаниясының қарамағына түсті.

Бұл ықпалдастық коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында бірлескен күш-жігер аясында жүзеге асырылды.

Көрсетілген көмек Қазақстан мен Кипр арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықты айқын көрсетеді.

Аңықтама: Remedica - Кипрде орналасқан жетекші фармацевтикалық компания және оның өнімдері әлемнің 160-тан астам елдерінде таратылады. Компания азаматтарға арналған сапалы, қауіпсіз және тиімді фармацевтикалық өнімдерді әзірлеу, өндіру және сату ісіне маманданған. Қазіргі уақытта фармацевтикалық ұйымның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен бірқатар әлемдік жетекші елдердің денсаулық сақтау органдары мақұлдаған 5 заманауи зауыты бар.