Тель-Авив, 2025 жылғы 4 маусым — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық жұмыстары аясында Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің Бас сефард раввині Давид Йосефпен және Бас ашкеназ раввині Калман Бермен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар Съезге дайындық жұмыстарын талқылап, жаһандық деңгейде конфессияаралық диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Әңгіме барысында Бас раввиндердің өкілдерінің Съездің XXIII Хатшылығы отырысына және Жас діни лидерлер форумының кезекті II отырысына қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осы орайда, Елші Д.Ембердиев Қазақстанның рухани дипломатия саласындағы бастамаларын үнемі қолдап келе жатқандары үшін дін лидерлеріне ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың атынан ресми шақыру хаттарын табыстады.
Өз кезегінде Бас раввиндер шақыру үшін алғыс білдіріп, алдағы іс-шараларға қатысуға қызығушылықтарын растады. Олар Қазақстанның конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, Съездің түрлі діни дәстүрлер мен мәдениеттер арасындағы сенім көпірлерін құрудағы ерекше рөлін атап өтті.
Тараптар жаһандық ынтымақтастық пен орнықты дамудың негізі болып табылатын төзімділік, өзара түсіністік және бейбітшілік идеалдарына ортақ адалдықтарын қуаттады.