Жерорта теңізінің портты қаласы Қазақстан аймақтарымен ынтымақтастыққа ниетті

Жерорта теңізінің портты қаласы Қазақстан аймақтарымен ынтымақтастыққа ниетті

Хайфа, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Жерорта теңізі аймағындағы ең ірі портты қалалардың бірі – Хайфаға сапармен барды.

Хайфа қаласының әкімі Йона Яхавпен кездесуде тараптар Қазақстан қалаларының жергілікті деңгейдегі ынтымақтастығын дамыту келешегін талқылады. Елші Д. Ембердиев Хайфаның қалалық инновациялар, цифрлық қызметтер мен жасанды интеллект негізіндегі басқару салаларындағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.

Кездесуде Хайфа портының стратегиялық маңызына ерекше назар аударылды. Қазақстан қазіргі таңда өзінің жаһандық сауда бағыттарын кеңейтуге белсенді түрде кірісіп жатыр, ал Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – осы бағыттағы басты жобалардың бірі болатыны жеткізілді. Бұл дәлізді Хайфамен байланыстыру қос тарап үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға жол беретініне атап өтілді.

Й.Яхав аталған бастамалар мен қалалар арасындағы диалог, сондай-ақ үкіметтер арасындағы өзара мүдделер болашақта жемісті ынтымақтастыққа жол ашатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар бауырлас қалалар байланысын орнату және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екендерін білдіріп, өзара тиімді қарым-қатынасты нығайту үшін барлық әлеуетті пайдалануға келісті.