Тегеранда Қазақстанның сауда миссиясы ұйымдастырылды

Тегеранда Қазақстанның сауда миссиясы ұйымдастырылды

2025 жылғы 14-16 ақпан аралығында Тегеранда Қазақстанның сауда миссиясы ұйымдастырылды, оған тамақ өнеркәсәбә, логистика, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен медициналық жабдықтар өндірушілері салалары бойынша 50-ден астам компания қатысты.

Сауда миссиясының нәтижесінде шамамен 92,8 млн. АҚШ долларын құрайтын 10 коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

B2B сессияларына Қазақстан тарапынан 50-ден астам компания мен ирандық тараптан 230 контр-әріптес қатысты, бұл ынтымақтастық мүмкіндіктерін белсенді талқылауға ықпал етті. Атап айтқанда, Қазақстан тарапынан Ақмола, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының бизнес өкілдері белсенді қатысты.

Сонымен бірге, «SOLICO group», «Andia Market Camraniyeh», «Mahya Protein» және т.б. өндіріс орындарында жергілікті кездесулер өткізілді.