2025 жылғы 14-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары аясында Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Г.Н.Гезелжемен, Өнеркәсіп сауда және кен өндіру министрі С.М.Атабакпен, Жол және қала құрылысы министрі С.Фарзанемен, сондай-ақ Сауда, өнеркәсіп және тау кен палатасының президенті С.Хасанзадамен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, Иранның ірі кәсіпкерлер кеңесімен кездесу өтіп, оған экономиканың әртүрлі салаларындағы Иранның жетекші кәсіпорындары қатысты.
Жоғарыда аталған кездесулер барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екіжақты сауда-саттық және әлеуетке қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ кездесулерде Қазақстанда өндірісті оқшаулауға инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері қарастырылды.