Елші О.Оңалбаев Иранның Сыртқы істер Министрлігі Протокол департаментінің Бас директоры М.Мортазаифармен кездесті

Елші О.Оңалбаев Иранның Сыртқы істер Министрлігі Протокол департаментінің Бас директоры М.Мортазаифармен кездесті

Ағымдағы жылдың 15-ші сәуірінде Қазақстан Республикасының Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі О.Оңалбаев аталған елде дипломатиялық миссиясы басталуына орай ИИР Сыртқы істер министрлігінің Протокол департаментінің Бас директоры Мохсен Мортазаифар мырзамен кездесті.

Кездесу барысында алдыңғы уақытта жоспарланған екі жақты қарым-қатынастардың жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарларға дайындық мәселелері талқыланды.