2023 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай ЭЫҰ штаб-пәтерінде өткен ЭЫҰ Тұрақты өкілдері Кеңесінің (CPR) 283-ші отырысына қатысты.

2023 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай ЭЫҰ штаб-пәтерінде өткен ЭЫҰ Тұрақты өкілдері Кеңесінің (CPR) 283-ші отырысына қатысты.

Кездесу барысында ұйымның 2024 жылға арналған бюджетін қоса алғанда, ЭЫҰ күн тәртібінің түрлі мәселелері талқыланды және мақұлданды.

Сондай-ақ, Кеңес, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ЭЫҰ Бас хатшысы қызметін атқарған, Қазақстан Республикасының ЭЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі және Ирандағы Елшісі Асхат Оразбаймен қоштасты. ЭЫҰ Бас хатшысы Елші Хусрав Нозири және CPR мүшелері Елші Асхат Оразбайдың Ұйымның Тұрақты өкілі және Бас хатшысы болған кезінде ЭЫҰ өңірлік ынтымақтастығына жан-жақты қолдау көрсеткенін ризашылықпен атап өтті. Елші Асхат Оразбай өзінің қорытынды сөзінде ЭЫҰ Бас хатшысына және мүше мемлекеттерге ұйымда болған барлық уақыттағы мейірімді ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.