Елші А.Оразбай Иранның Сыртқы істер Министрі Х.Әмір-Абдоллахианмен кездесті

Елші А.Оразбай Иранның Сыртқы істер Министрі  Х.Әмір-Абдоллахианмен кездесті

Ағымдағы жылдың 19-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Оразбайдың аталған елде дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай ИИР Сыртқы істер министрі Х.Әмір-Абдоллахианның қабылдауында болды.
Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы маңызды мәселелер талқыланып, иран сыртқы саяси ведомствасының басшысы тарапынан екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.