Ағымдағы жылғы 2-3 желтоқсанда Тегеран қаласында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы өтті.
Қазақстан делегациясын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Иран делегациясын ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Мохаммад Әли Никбахт басқарды.
Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықтың даму серпін оң бағалай отырып, бұл динамиканы төмендетпеу және аталған бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру маңыздылығына ерекше көңіл аударды.
Іс-шара ашық, конструктивті және достық атмосферада өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:
Сонымен қатар, отырыс аясында екі елдің бизнес-қоғамдастығы арасында бірқатар кездесулер өткізіліп, онда сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша практикалық мәселелер талқыланды.