Қазақстан Елшісі Иран Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің Бас директорымен кездесті

Қазақстан Елшісі Иран Сыртқы істер министрлігі  Еуразия департаментінің Бас директорымен кездесті

2023 жылғы 27 қарашада Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай ИИР Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің Бас директоры М.Дамирчилумен кездесу өткізді.

         Осы кездесуде тараптар Қазақстан мен Иранның екіжақты қарым-қатынасын  және ү.ж. 2-3 желтоқсанда Тегеранда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 19-отырысын өткізу мәселелерін талқылады.