2023 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжанның Шуша қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 27-ші отырысына қатысты.

Министрлік кездесуі барысында делегация басшылары ү.ж. қараша айында Ташкентте өтуі жоспарланған ЭЫҰ-ның 16-шы саммиті күн тәртібінің жобасын қарады, сондай-ақ Ұйымның жұмыс органдарының қызметі туралы ЭЫҰ Бас хатшысының есебін мақұлдады. Сонымен қатар қатысушылар ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша пікір алмасып, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Шуша декларациясын қабылдады.