Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2023 жылғы 19 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Аталған Жарлыққа сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 252 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған жарамды паспорты бар әр Қазақстандық еліміз Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз дауысын бере алады.
 
Елшілік мекен жайы:
Тегеран қаласы, Даррус ауданы, Норс Хедоят көшесі, ғимарат № 83;
No 83, North Hedayat Str., Darrus, Tehran.
 
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +98-21-22-56-59-33 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.