Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы.

Құрметті шетелдік БАҚ өкілдері,

2023 жылғы 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын жариялағысы келетін шетелдік БАҚ өкілдері үшін аккредиттеу қазіргі уақытта ашық екенін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шетелдік журналистер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу болған жағдайда ғана Қазақстандағы сайлауды жариялай алатынын мәлімдейді.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жеке куәлікті көрсеткен кезде бір аудармашы ілесіп жүруі мүмкін екенін есте сақтаңыздар.
Шетелдік журналистерді аккредиттеуге өтінімдер 2023 жылғы 13 наурыздың, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

Аккредиттеу үшін қажетті құжаттар:
- бас редактордың журналисті аккредиттеу туралы өтініші бар ілеспе хат;
- журналистің жарамды төлқұжатының көшірмесі;
- толтырылған өтінім және аккредиттеу нысаны;
- 3х4 см электронды/сандық фотосурет;
- журналистің қысқаша өмірбаяны;
- бұқаралық ақпарат құралдары туралы қысқаша ақпарат.

Жоғарыда аталған құжаттар келесі электрондық пошта мекенжайына жіберілуі керек: accreditationkz@gmail.com
Аккредиттеудің барлық мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласуға болады: +7 (7172) 72-00-11 / 72-01-45.