Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы туралы ирандық сарапшылардың пікірлері

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы туралы ирандық сарапшылардың пікірлері

Құдайдың атымен бастаймын.

Ирандық сарапшы – ғылым докторы Мохаммад Реза Абәш Ахмадлудың ҚР Президентінің 2022 ж. 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікірі.

Президенттің Жолдауымен Қазақстанның дамуына жедел қадам басу.

Қоғамдық прогреске қол жеткізу, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа Қазақстанды құруға нақты инвестиция тарту, билікті әділ бөлу – бұның бәрі осы ел президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі (1401 жылғы 10 шәһривәр) сөйлеген сөзінде парасатты түрде айтылды.

Жалпы, рақымшылықты дер кезінде жариялау арқылы әлеуметтік-экономикалық жоспарларды жүзеге асырудың кезеңін белгілеу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзгерістер енгізуге шындап бел байлағанын көрсетеді және осы ел халқының мақұлдауымен Президент жеті жылдық кезеңде жарияланатын жоспарларды ілгерілетеді.

Кез келген елдің орасан зор экономикалық жоспарларды жүзеге асырудағы негізгі қажеттілігі болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыруға көңіл бөлу және әлеуметтік алшақтықты азайту ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы мәлімдемелерінде анық айтылды.

Инвесторлар мен элиталарды осы елде болуды ынталандыру, егер оған қол жеткізілсе, бұл маңызды жетістік деп санауға болады.

Бұл ел Президентінің сөзімен айтылған бастамалар мен ашық саяси кеңістік құру және халықтың ресурстарды бөлуге қатысуы бұқара тарапынан қолдау тапса, нақты перспективаны жүзеге асырады.

Жеке секторды нығайтумен қатар, үкіметті бақылаушы және қолдаушы позицияға орнықтыру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетеді.

Бұл ұлан-ғайыр елдің геосаяси орналасуын Шығыс пен Батысты байланыстыру және теміржол транзитін күшейту үшін пайдалана отырып, бұл елдің Шығыс пен Батыс елдерінің көзқарастарын жақындату мүмкіндігімен бірге, Қазақстан жариялаған өзгерістер нәтижесіндегі даму екі есе қарқын алады.

Биылғы жылдың күзінде өткізуге кезектен тыс сайлаудың жарияланғаны және оны халықтың қолдап, бекітуі осы ел тарихының жаңа бетін ашады.

 

Құдайдың атымен бастаймын.

Ирандық сарапшы - Халықаралық зерттеу институты басшысының орынбасары, ғылым докторы Х.Әбдипурдың ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікірі.

Қазақстанның Тегерандағы елшілігінің Қазақстан Президентінің өз халқына арнаған Жолдауын назарыма ұсынғаны үшін алғыс айта отырып, келесіні хабарлаймын.

2022 жылдың 1 қыркүйегінде (1401 жылғы 10 шәһривәрға тең) Қазақстан Республикасының құрметті Президенті Жоғары  Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Қазақстан халқына әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты Жолдауын арнағаны, осы Жолдаудың бағыты экономикалық-әлеуметтік дамуға шоғырланғаны туралы хабардар болдым.

Бұл, өркениет аясындағы қазіргі Қазақстан қоғамының маңызды мәселелеріне назар аудару және белсенділер мен элитаның интерактивті желісін құру үкіметтің өкілеттілігін арттыруда түбегейлі әрі маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Сондықтан, аталған Жолдау саяси, әлеуметтік және мәдени деңгейде демократия мен әділеттілікке бағытталған өркениетті қадам болып саналады.

Ішкі мүмкіндіктерге көңіл бөлу қоғамда үміт пен сергектік тудырады.

Президенттің өз пікірін халықпен бөлісуі – құптарлық іс. Осыған орай, Жолдауда айтылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық салада элиталар желісі құрылады деп сенемін.

Жолдауда әртүрлі қоғамдардағы және басқару жүйесіндегі әйелдер мен жастар мәселелері үш деңгейде:  даналық, әлеуметтік қауіп және өркениет деңгейлерінде талданған.

Қазақстанның жаңа билігінде оның позициясы өркениет деңгейіне көтеріледі деген үміт бар.

Соңғы бөлім – білім беру, оқу, біліктілікті арттыру әрі мәдени және экономикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерінің көтерілуі, бұл, осы мәлімдеменің пәрменді жақтарының бірі және оны жүзеге асырудың практикалық шешімдерін қарастыру керек.

Жолдаудың қуатты жақтары мынадай:

- «Әділ Қазақстан» атауының берілуі орынды, тек әрі қарай даму жолында әділеттілік жасалуы керек.

- президенттік биліктің бір мерзімді болуы билік бөлінісіне және биліктің әртүрлі топтарға берілуіне себеп болады.

- денсаулық сақтау, білім беру мәселелері ауылдар үшін өте маңызды әрі оңды мәселе.

- сауда-саттық туралы мәселе және шетелдік бизнесмендердің, сондай-ақ, басқа элиталардың елге кіруін жеңілдету туралы сөз қозғалғаны маңызды.

Жолдауды іске асыру шарттары мен шешімдері белгілі болып, бұл идеялар кімдер арқылы, қандай процесс арқылы және қалай жүзеге асуы керектігі айқындалады деп үміттенемін.

Жаңа Қазақстан қоғамына даму мен өркендеу тілеймін.

 

Құдайдың атымен бастаймын.

ИИР «Әбрар-е ноуин» Халықаралық ғылыми зерттеулер институтының Бас директоры Доктор Мирғасем Муменидің ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікірі.

Әділ үкіметке келер болсақ, мемлекеттің макросаясатын жүзеге асыру мақсатында бірлігі жарасқан ел, берекелі қоғам билік пен ұлттық бірлікті жақындастыра түсудің жаңа тарауын жалғастыруда.

Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралы ретінде Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөздер, Сирия бейбіт келіссөздері сияқты халықаралық әрі өңірлік саяси өзгерістерде маңызды рөл атқаруда, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық Қазақстан билігіінің маңызды жетістіктері саналады.

Биылғы жылдың басындағы Қазақстанда болып өткен оқиғалар мен орын алған келеңсіздіктерге байланысты осындай оқиғалар мен кез келген ақтаңдаққа жол бермеу, ұлттық бірлік пен ынтымақ үшін заңдар мен үкімет құрылымы бейбіт түрде қайта қаралуы заңды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанда биліктің бейбіт жолмен трансформациялануының өзі демократияның үлгісі және қазақстандық мәселелерге ұлттық көзқараспен қарау болып табылады.

Осындай жағдайда ел бірлігі мен халықтың әл-ауқаты Президент Қ.К.Тоқаев басшылық ететін үкіметтің басым бағыттарының бірі болып, Қазақстан экономикалық тұрақтылыққа, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға және халықаралық қатынастарды дамытуға үлкен қадамдар жасауда.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және саяси партиялар мен халықтың болашағын қолайлы әрі лайықты жағдайда қамтамасыз етуге қатысуына байланысты, ол билік пен халықтық демократияның негіздерін нығайтуға ұмтылып отыр.

Парламент Мәжілсіне сайлау, Жоғарғы Сот мүшелерін іріктеу, сот жүйесіндегі реформалар, сайлау заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ байлықты халық арасында әділ бөлу – қазіргі биліктің бірегей мақсаттары.

Қазақстанға көршілес елдердің көпшілігі іргелес халықтармен ішкі этникалық, діни және шекаралық дауларға бой ұрып жатқанын ескерсек, көрші елдермен қарым-қатынасты дамытуда мемлекеттік биліктің ұлттық бірлікті және құқықтық еркіндікті сақтай отырып жүргізіп жатқан сарабдал саясаты кез келген сыртқы және ішкі қатерлерді жоюға себеп болмақ.