Қазақстан елшісі А.Оразбай ИИР Сыртқы істер министрінің жаңадан тағайындалған экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары М.Сәфәримен кездесті

Қазақстан елшісі А.Оразбай ИИР Сыртқы істер министрінің жаңадан тағайындалған экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары М.Сәфәримен кездесті

     2021 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай ИИР Сыртқы істер министрінің жаңадан тағайындалған экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі орынбасары М.Сәфәримен кездесті.

     Кездесу барысында Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық ынтымақтастығын жан-жақты дамыту мәселелері талқыланды.

      Атап айтқанда, тараптар транзит-логистика, банк, инвестиция, мұнай swap-операцияларын жүргізу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан-Иран Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.