6 шілде – Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесі. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанның қазіргі кезде шын мәнінде заманауи қала және жетекші қаржылық-логистикалық хабқа айналуы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатымен тікелей байланысты.
Бүгінде Нұр-Сұлтан Қазақстанның саяси орталығына ғана емес, сонымен бірге өңірлік хабқа, ірі-ірі халықаралық іс-шаралардың орталығына айналды.
Елбасы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл бастама көтерді, содан кейін 1994 жылдың 6 шілдесінде ұлттық парламентті оны қабылдауға көндірді. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы ресми түрде Қазақстанның астанасы болды және 1998 жылы 6 шілдеде әлемге Астана атауымен таныстырылды.
Қазақстан үшін осы маңызды оқиғадан бастап, Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны соңғы 23 жылда үш еседен астам көбейіп, миллионға жетті.
Жалпы, Қазақстан астанасының жаңа тарихта әлемдік ірі іс-шаралардың орталығына айналуы Қазақстан бысшылығының бастамаларымен жүзеге асып келе жатқаны белгілі.
https://www.facebook.com/100034106776135/videos/pcb.533201677826720/533155054498049
https://www.facebook.com/100034106776135/videos/pcb.533201677826720/533155054498049