Алланың атымен!

Алланың атымен!

   Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың осы ел Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамының алдында жасаған баяндамасы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай айтқан сөздерінде өзекті мәселелер көтерілген.

       Баяндамада ішкі және сыртқы айдында мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы халықтың рөліне ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев мырзаның қажырлы еңбегімен құрылған жаңа Қазақстан өзге көрші елдеріне қарағанда демократиялық және халықтық заңнамалар бойынша басқарылады. Нәсіліне, тіліне, ұлтына қарамастан халықты қолдау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында инфрақұрылымдарды дамыту, сыртқы саясаттағы тың бастамалар үкіметтің басты жетістіктеріне жатады.

     Жуықта өткен Қазақстандағы парламенттік сайлау осы елдегі демократияның жарқын көрінісі болып табылады. Сайлау әділ және халықтың талаптарына сәйкес өтті.

        ҚР Президенті баяндамасында адам құқығы, шешімдер қабылдауға тұрғындарды жұмылдыру мен істердің басым бөлігін халықтың өзіне тапсыру туралы айтылған. Демек, Мемлекет Басшысы ел мәселелерін шешуге халықты, халық қамын ойлайтын зиялылар мен саясаткерлерді тартуға тырысуда.

     Үкімет тұрғындардың құқықтарын қорғауды, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуді, әлемнің дамыған елдерімен бәсекелесу үшін білім мен ғылымды, технологияларды дамытуды бірінші орынға қойып отыр. Жас ұрпаққа жоғары деңгейде білім беруге, жастарға қолдау көрсетуге, ауылдарды тиісті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде.

     Сайлауға барлық партиялардың, нәсілі мен тіліне қарамастан тұрғындардың белсене қатысуы Қазақстанның елеулі жетістігіне жатады. ҚР Президенті Конституция мен халықтың заңды еркіндіктерін қорғауға кепілдік береді. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуді, тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді өзінің міндеті санайды. Халықтың талаптарына құлақ асады.

    Халық сайлаған ҚР Президенті мемлекеттің ең жоғары басшысы ретінде үнемі елдің жағдайын ескере отырып, саяси, мәдени және әскери салаларда әрекет етуде.

      Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі аймақтық және әлемдік дипломатияны дамыту. Қазақстан аймақтық істерде белсенді рөл ойнауда. Бұл Назарбаев пен Тоқаев мырзалардың 30 жылдық еңбегінің жемісі болып табылады.

     Қазіргі уақытта Қазақстан бұрынғыға қарағанда даму мен өркендеу бағытында жылдам әрекет етуде. Шын мәнінде, Қазақстан халқы көреген басшыларының жол нұсқауымен даму мен өркендеу жолында нақты қадам жасады.

 Миргасем Мүмени,

«Чешмандозе аброре навин» халықаралық ғылыми-зерттеу

мекемесінің бас директоры