Қазақ дипломаттары Дартс турнирінде жүлделі орындар алды

Қазақ дипломаттары Дартс турнирінде  жүлделі орындар алды

    Ағымдағы жылы 19 ақпанда Иран Ислам Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялар арасындағы Дартс бойынша өткен бірінші турнирде Қазақстан Республикасы Елшілігінің команда мүшелері II және III орындарды иеленді.

    Иранның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Денсаулық Чемпиондары Кубогының» құрметіне өткізілген жарысқа 12 елшілік пен халықаралық ұйымдардың атынан 34 дипломат қатысты,олардың қатарында Германия, Аустрия, Венгрия, Индонезия, Сербия, Ауғанстан, Катар, Иордания және басқа елдерінің дипломаттары болды.