ҚР Президентінің Мәжілісте сөйлеген сөзіне орай брифинг өтті

ҚР Президентінің Мәжілісте сөйлеген сөзіне орай брифинг өтті

    2021 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Оразбай ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ү.ж. 15 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының жаңадан сайланған құрамының алдында сөйлеген сөзі жөнінде ирандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

      Бұл іс-шараға ирандық беделді БАҚ өкілдері, атап айтқанда «Азия», «Иран Дейли», «Иран Ньюз», «Шәрғ» газеттерінің, «Сарзамине Энержи» апталығының және «АВА» сайтының басшылығы мен тілшілері қатысты.

     Елші Мемлекет басшысының жоғарыдағы баяндамасының негізгі аспектілерін түсіндіре отырып, онда айтылған саяси реформалардың үшінші пакеті Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі институционалды дамытуға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап көрсетті.

     Сонымен қатар, Елші Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы қарсаңында жүзеге асырылатын бұл реформалар адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын кеңейтуге, парламентаризм мен көппартиялық жүйені дамытуға және елді одан әрі демократияландыруға мүмкіндік беретінін кеңінен мәлімдеді.

        Брифинг соңында Елші тілшілердің сұрақтарына жауап берді.