Қазақстан Елшісі Иран мен ЕЭО елдері арасында экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі форумға қатысты

Қазақстан Елшісі  Иран мен ЕЭО елдері арасында  экономикалық дипломатия мәселелері  жөніндегі форумға қатысты

      2021 жылғы 21 қаңтарда Ирандағы ҚР Елшісі Асхат Оразбай Тегеран қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы өткізген Иран мен Еуразиялық экономикалық одағының елдері арасында экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі форумға қатысты.

       Өз сөзінде Елші Ислам Республикасына қатысты жасалып жатқан санкциялық қысымның және Covid-19 індетінің салдарынан Қазақстан мен Иран арасындағы сауда айналымының төмендегеніненазар аударып, ирандық тарапты екіжақты сауданы арттырудың жаңа жолдарын іздестіруге шақырды.

       Бұл ретте, ол Қазақстаннан Иранға тасымалдауға болатын жалпы құны 126 млн. АҚШ доллардан асатын 35 әлеуетті тауарлардың тізімін қазақстандық тарап дайындағанын жеткізді.

   Аталған жағымсыз әсерлердің салдарларын азайту жолдарының бірі ретінде Асхат Оразбай өнеркәсіптік кооперацияны атап, әзір өнімдерді шығару өндірістеріне инвестицияларды тарту үшін Қазақстанда жасалған қолайлыжағдайлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.