ҚазақстанныңИрандағы Елшісі Асхат Оразбай ЭЫҰ ӨЖК 31-ші отырысында Қазақстан Республикасының делегациясын басқарды

ҚазақстанныңИрандағы Елшісі Асхат Оразбай  ЭЫҰ ӨЖК 31-ші отырысында Қазақстан Республикасының делегациясын басқарды

   2021 жылғы 21 қаңтарда Қазақстанның Ирандағы Елшісі – ЭЫҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асхат Оразбай қазақстандық делегацияның басшысы ретінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Өңірлік жоспарлау кеңесінің (ЭЫҰ ӨЖК) 31-ші отырысына қатысты.

     Өз сөзінде ҚР Елшісі Қазақстан Республикасы ЭЫҰ-ның іс-шараларына қатысуын белсендіргенін атап, 2020 жылы Covid-19 пандемиясына қарамастан Қазақстан өкілдері Ұйым іс-шараларының 85 пайызына қатысқандарын ескеріп өтті.

     Сонымен бірге, ҚР Тұрақты өкілі ЭЫҰ мүше-мемлекеттері мен Хатшылығына Ұйым шеңберінде іске асырылатын нақты жобалардың санын көбейту және оларға жұмсалатын шығындардың тиімділігін арттыру қажеттілігі жөніндегі үндеу жасады.

     Отырыстың қорытындысы бойынша 2021 жылға арналған ЭЫҰ Жұмыс бағдарламасы мен Іс-шаралар күнтізбесі, сондай-ақ Кеңестің 31-ші отырсының есебі қабылданды.