«Adal» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті
19.11.2020 ж.
«Қазинформ» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді
«Біздің тізімге әр саладан белгілі азаматтар кірді. Мәжіліс депутаттығына ұсынылып отырған тізімде 20 адам бар. Өңірлік, гендерлік және басқа да тепе-теңдікті сақтауға тырыстық. Біз ұсынып отырған 20 адамның 10-ы саяси кеңестің мүшесі», - деді «Adal» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Қожамқұлов.
Сонымен, «Adal» саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған тізімге мына кандидаттар кірді:
- Серік Сұлтанғали - «Adal» партиясының төрағасы;
- Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;
- Ардақ Назаров – белгілі спортшы, қоғам белсендісі;
- Мақсат Толықбай – белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
- Алмасбек Садырбаев - «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;
- Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам белсендісі;
- Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;
- Жигули Дайрабаев - «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті»;
- Нұрлыбек Малелов – қаржыгер, мемлекет қайраткері;
- Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;
- Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;
- Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;
- Алина Абдрахманова – бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;
- Халиола Акдрашев – кәсіпкер;
- Ляззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы; 16. Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;
- Ғани Абадан – партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы; 18. Тимур Әбдікәрімов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;
- Ақмарал Бекмұрзаева – бизнес-тренер, кәсіпкер; 20. Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.
***
“Ақ жол” Демократиялық партиясының Құрылтайында ҚР Парламент Мәжілісіне үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді
«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына тіркелу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың құжаттарын ұсынды.
«Біздің тізімімізді тіркегеннен кейін біз тиісті жұмысты бастаймыз, соның ішінде сайлау қорын құрамыз», - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы ҚР ОСК-да өткен брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен «Ақ жол» партиясының XIII съезі кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі қабылданды, оның құрамына 35 кандидат кірді.
«Оның құрамына 35 адам кіреді, оның 24-і (немесе 68%) бизнес өкілдері, кәсіпорындар мен банк құрылымдарының басшылары. 6 адам (17%) ұлттық және техникалық интеллигенцияны ұсынады, ал тағы бесеуі - партия органдарының жетекшілері », - деді партия төрағасы Азат Перуашев.
Кандидаттар тізіміне: партия төрағасы Азат Перуашев, экс-депутаттар Нұрлан Жазылбеков, Екатерина Никитинская, Азамат Әбілдаев, Талғат Ерғалиев, Светлана Кадралиева, Меруерт Қазбекова және басқалар кірді.
***
«Ауыл» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер куәліктерін алды
4 Желтоқсан, 2020
«Партияның XVIII съезінде біздің партияның 19 мүшесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысады. Олар партиялық тізімге енгізілді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы оларды толығымен тіркеді», - дейді «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.
Партия мүшелері Қайрат Айтуғанов, Қарлығаш Аралбекова, Николай Арсютин, Зейін Әліпбек, Нұржігіт Бегалы, Талғат Зейнуллин, Дәулеткерей Кәпұлы, Әйгерім Көкеева, Дәурет Қуат, Болатбек Қыстауов, Кенжеғали Машырықов, Алмас Мұхаммедов, Төлеутай Рахымбеков, Айдар Саттаров, Әзімхан Сатыбалды, Қанат Тасыбеков, Рабиға Тоқсейітова, Бахаргүл Төлеген және Хаданович В.В. куәліктерін алды. Әли Бектаевтың айтуынша, партияның алдында үлкен сайлауалды міндеттер тұр.
***
Мәжіліс сайлауына "Nur Otan"-ның атынан түсетін үміткерлердің тізімі бекітілді
Партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды.
Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.
Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты.
Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.
Еске сала кетейік, "Nur Otan" партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат, ал республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мыңнан аса адам немесе барлық нұротандықтардың 84%-ті қатысты.
Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды.
Партиялық тізімдердің 24%-ін мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар.
Бұл ретте партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі "Nur Otan"-ның партиялық тізіміне енді.
Халықтың белсенді қатысуының арқасында праймериз барысында "Nur Otan партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді.
Праймериз қорытындысы бойынша 77 кандидат бекітілді, олар:
НҰР-СҰЛТАН
- ИСАБАЕВ Бауыржан Абдрашитович ("BI Group" компаниясы Директорлар кеңесінің мүшес)
- ПАВЛОВЕЦ Лариса Павловна (№ 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының директоры)
- МЕДЕТОВ Расул Махмудович (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры)
- ДЖУНУСОВ Алмат Аскарович ("Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының директоры)
АЛМАТЫ
- ПЛАТОНОВ Артур Станиславович (Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ТОРГАЕВ Беккали Нургалиевич (Алматы қ. Алмалы ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)
- СУЛЕЙМЕНОВА Жулдыз Досбергеновна ("Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДБҰ басшысы)
- КОБЕЕВА Алтынай Орманкалиевна ("Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚБ негізін қалаушы, құрылтайшысы, директоры)
- АВЕРШИН Константин Викторович ("Red Dragon Almaty" ЖШС-нің Бас директоры)
- АХМЕТОВ Мади Абылаевич ("Jas Otan" Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы)
- ШАРДИНОВ Шухрад Ахметжанович ("Алматы көпір құрылымдары зауыты" ЖШС-нің Бас директоры)
ШЫМКЕНТ
- ОСПАНОВ Берик Серикович (Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы)
- ТАШКАРАЕВ Гани Абдуганиевич (Қалалық мәслихаттың хатшысы)
- БЕКЖАНОВ Берик Айдарбекович ("Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы)
- ТАНАТАРОВА Жадыра Нагашибаевна ("Сайрам көмекші мектебі" КММ директоры)
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
- УИСИМБАЕВ Аскарбек Съезбекович (Сандықтау ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)
- ЕЛЮБАЕВ Мади Сагинтаевич (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры)
- БЕЗВЕРБНЫЙ Павел Николаевич ("Орленок" ЖШС-нің директоры)
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
- СЫДЫКОВ Рахат Мажитович (Ақтөбе облысы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті)
- ЕЛЕУОВ Галымжан Алмасбекович ("DARU MEDICAL GROUP" ЖШС-нің Бас директоры)
- БЕРДАЛИН Амангалий Бисенбаевич (Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары)
- БҮРКІТАЛИН Асылжан Жаналыұлы ("Jas Otan" Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы)
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
- АБСЕМЕТОВА Алия Маратовна ("Uzyn.kz" ақпараттық сайтының бас редакторы)
- ЖАСЫБАЕВ Ержан Бакирбаевич (Алматы облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы)
- АЛИМБАЕВ Данияр Кенгазыевич (Алматы облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы)
- ТЕЛЬПЕКБАЕВА Жанна Тлеубековна ("Прогресс" политехникалық колледжінің директоры)
- ТАЖМАГАМБЕТОВА Макпал Мазаковна ("Жетісу" газетінің Қапшағай қ. және Іле ауданы бойынша меншікті тілшісі)
- ДИГАЙ Дамир Анатольевич (І.Жансүгіров атындағы университеті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің директоры)
- КАРИМОВ Досан Елжанович ("Алаколь Каримов Д.Е." ДК директоры)
- НЕСТЕРОВ Константин Михайлович (Текелі қаласы мәдениет үйінің директоры).
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
- ТУРГАНОВ Дюсенбай Нурбаевич ("Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары)
- НАКПАЕВ Салимжан Жумашевич ("Эмбамұнайгаз" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары)
- БЕЙСҚАЛИ Толқын Ермекқызы (Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы)
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
- ГЛАЗИНСКИЙ Алексей Юрьевич (Курчатов қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы)
- ПАНЧЕНКО Игорь Иванович (Риддер қалалық мәслихатының хатшысы)
- КАМАСОВА Зарина Айдархановна ("Көздің микрохирургиялық клиникасы" ЖШС-нің директоры)
- ТУМАШИНОВ Лукбек Шабданович ("Элхон" ЖШС-нің директоры)
- САРПЕКОВ Азат Толкынович (Семей электротехникалық колледжінің директоры)
- БЫКОВА Марина Юрьевна (KAZ Minerals "Шығыстүстімет" ЖШС-нің қаржы және экономика жөніндегі директоры)
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
- МУСАЕВ Маден Токтарбаевич (Мойынқұм ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)
- ТУЛЕПБЕРГЕН Мейрамбек Мылтыкбайулы ("Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы)
- НУРУМОВА Гульдара Алданышевна ("Мейірім" медициналық орталығы» ЖШС-нің директоры)
- УМАРОВ Гулам Мухтарович (Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры)
- УСЕРБАЕВ Султан Мыктыбекович (Байзақ ауданы "Диқан" тірек мектебінің директоры)
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
- ҚҰЛШАР Мәлік Иманқұлұлы (Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы)
- ЖАКСЫГАЛИЕВ Жанабек Жанабаевич (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті)
- СУНДЕТОВА Сабира Омиргалиевна (Тайпақ ауылдық ауруханасының меңгерушісі)
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
- БИЖАНОВА Гульнара Кадиржановна (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты)
- ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Берік (Ұлытау ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)
- ӘЛТАЙ Аманжол Дүйсенбайұлы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің доценті)
- БАСИН Вадим Борисович ("АрселорМиттал Темиртау" АҚ атқарушы директоры)
- АСАН Сүйіндік Юржанұлы ("Nova Цинк" ЖШС-нің Бас директоры)
- БАДИНА Юлия Викторовна (Партия Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
- СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна ("Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы)
- АКИШЕВ Самат Сагинбаевич ("Қостанай минералдары" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы)
- ЖАНБЫРШИНА Кырмызы Сапаровна ("Еуразиялық банк" АҚ Қостанай филиалының директоры)
- АГАЙСИН Адиль Темиргалиевич ("ССКӨБ" АҚ Жастар саясаты жөніндегі менеджері)
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
- КЕСЕБАЕВА Балаим Туганбаевна (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты)
- ӘБИБУЛЛАЕВА Аида Ибрагимқызы ("Қазпошта" АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры)
- АМРЕЕВ Галым Махмутбаевич ("БАЙҚОҢЫР" ӘКК" АҚ тәуелсіз директоры)
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
- МУСАБАЕВ Самат Базарбаевич ("Корпорация "Каспий Строй-Сервис" ЖШС-нің директоры)
- КАЗАХБАЕВ Оспан Даденович ("Өндірістік кәсіпорындар басқармасы" ЖШС-нің Бас директоры)
- ЖАҢБЫРШИН Еділ Терекбайұлы ("Азия Техно Сервис" ЖШС-нің директорының орынбасары)
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
- БОЙЧИН Анатолий Васильевич ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры)
- КАЙДАРОВА Гульнара Шамаровна ("Завод Гофротара" ЖШС-нің директоры)
- ШУГАЕВ Жанат Рашитович (Павлодар ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)
- АЙТЫШЕВ Данияр Дауренович (Партия Тереңкөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
- КОЛОДА Дмитрий Владимирович ("Заң қызметтері орталығы" ЖШС-нің директоры)
- ОРАЗАЛИН Есжан Кабиевич ("СОЛТҮСТІК" ӘКК" АҚ Басқарма Төрағасы)
- ЗЕНЧЕНКО Геннадий Геннадьевич ("Зенченко и К" КС директоры)
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
- ЕРЖАН Құдайберген Төлепұлы (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты)
- АБАСОВ Кайнар Бегалиевич ("Хлопкопром – Целлюлоза" ЖШС-нің директоры)
- ЕРТАЕВ Сырым Махамбетович ("Қайып ата" ЖШС-нің директоры)
- КУРМАНБЕКОВА Гулжан Мамытовна (Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі)
- БАҚЫТЖАНОВА Мөлдір Бақытжанқызы (Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясы ақпарат және жарнама бөлімінің меңгерушісі)
- КОЖАБАЕВ Хайрулла Байдильдаевич ("Кентау трансформаторлық зауыты" АҚ Басқарма төрағасы)
- ДЖУРУМБЕТОВА Улжанат Серикбаевна ("Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасының бас дәрігері)
Орталық партиялық квота бойынша 49 кандидат:
- АБАҚАНОВ Елдос Нұрболұлы ("Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігі Басқармасы төрағасының орынбасары)
- АДАМБАЕВ Сырым Жұматайұлы ("Азиялық Газқұбыры" ЖШС Бас директорының кеңесшісі)
- АДАМБЕКОВ Тілектес Серікбайұлы ("Eurasia Blockchain Fintech Group Limited" Бас директоры)
- ӘШІМЖАНОВ Жанарбек Садықанұлы ("Ana tili" газетінің бас редакторы)
- БАЙБЕК Бауыржан Қыдырғалиұлы ("Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары)
- БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы ("Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанатының Төрағасы)
- ДҮЙСЕНОВА Тамара Босымбекқызы (Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі)
- ЕРМАН Мұхтар Тілдәбекұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ЕСІМ Ахметжан Смағұлұлы ("Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы)
- ЖАМАЛОВ Аманжан Мәкәрімұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ЖУЛИН Юрий Викторович ("Nur Otan" партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары)
- ЗӘКИЕВА Динара Болатқызы (Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық" корпоративтік қорының басшысы)
- ИМАШЕВА Снежанна Валерьевна (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- КАЗАНЦЕВ Павел Олегович (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- КАМАЛИЕВ Берік Сайлауұлы (Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі)
- КИМ Вера Александровна ("Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ Төрағасы)
- КУЧИНСКАЯ Юлия Владимировна ("Nur Otan" партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры)
- ҚАРАТАЕВ Фахриддин Әбдінабиұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы)
- ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы ("Еуразиялық даму банкі" Басқармасы төрағасының орынбасары)
- ҚҰСПАН Айгүл Сайфоллақызы (Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі)
- МАМИН Асқар Ұзақбайұлы (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)
- МУСИН Қанат Сергейұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- МЫҢБАЙ Дархан Қамзабекұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- НАЗАРБАЕВА Дариға Нұрсұлтанқызы (Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры)
- НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы)
- НҰРБЕК Саясат ("BTS Education" ЖШС Бас директоры)
- НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- НҰРОВ Қанат Ильяұлы ("Аspandau" Ғылыми-білім беру қорының президенті)
- НҰРМАНБЕТОВА Жәмила Нүсіпжанқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы ("Nur Otan" партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)
- ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- РАЗЗАҚ Нәзиля Раззақбайқызы ("Nur Otan" партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі)
- РАҚЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлы ("Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы" ММ директоры)
- РАМАЗАНОВА Ләззат Керімқұлқызы (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы)
- РАУ Альберт Павлович (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- САЙЫРОВ Ерлан Бияхметұлы (Еуразиялық интеграция институтының директоры)
- САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- САРТБАЕВ Бауыржан Мейрамбекұлы ("Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасының төрағасы)
- САРЫМ Айдос Әміроллаұлы (Қоғам қайраткері, саясаттанушы)
- СИМОНОВ Сергей Анатольевич (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- СМАҒҰЛ Бахытбек (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- СҮЛЕЙМЕНОВА Зүлфия Болатқызы (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары)
- ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы (Нұр-Сұлтан қаласы "Карате-до шито-рю Федерациясы" ҚБ басшысы)
- ТОҒЖАНОВ Ералы Лұқпанұлы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары)
- ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- УНЖАКОВА Ирина Сергеевна (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
- ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадьевич (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)
***
«Қазақстан Халық партиясы» Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Халық партиясы» Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді ұсынды, деп хабарлады ҚазАқпарат election.gov.kz сілтеме жасап.
29 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89 баптарына сәйкес, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
- Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
- Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
- Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
- Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
- Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
- Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;
- Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар 10-30 қараша аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырды. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталды.