
Кіріспе
Қазіргі заманғы жылдам өзгеретін әлемде Қазақстан алдында барлық тыныс-тіршілік салаларын жеделдетілген жаңғыртуды жүргізуге, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға байланысты бірқатар маңызды міндеттер тұр.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы осы міндеттерді шешу үшін барлық күш-жігерін салуға әзір.
Біздің негізгі мақсатымыз - барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі жоғары, тәуелсіз, мықты және өсіп-өркендеген Қазақстанды құру.
Біздің іргелі құндылықтарымыз – бұл тәуелсіздік, патриоттық, әділеттілік, тең құқықтық және ынтымақтастық.
Тәуелсіздік – бұл мемлекетіміз мен халқымыздың басты құндылығы мен байлығы. Еліміздің болашақ табысты дамуына оның тәуелсіздігін одан әрі нығайта түскен жағдайда ғана қол жеткізуге болады.
Патриоттық – бұл өз Отанын, өз халқын сүю және оған шын берілгендік, өз тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрмет, өз Отанының мүддесі жолында ерлік пен құрбандыққа әзір болу.
Әділеттілік – бұл тең мүмкіндіктер қоғамы, жеке адамды нәсіліне, дініне қарай кез келген кемсітушіліктің болмауы. Әділеттілікке ұмтылу қазақстандық қоғамның ұлттық санасында, мәдениет, дәстүр, тарихи жады арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілетін құндылықтар жүйесінде берік қалыптасқан
Тең құқықтық біздің дала демократиясында, әрбір жеке адамның бойында терең моральдық және адамгершілік түп-негізге ие. Тең құқықтық қоғамдық дамудың мақсаты ғана емес, барлық адамзаттың ең озық құндылықтарына негізделген шынайы әділ қоғам құру құралы да.
Ынтымақтастық – бұл қоғамдық қарым-қатынастарды ізгілендіру негізінде қазақстандық қоғамның дамуы үшін маңызды шарт. Ынтымақтастық ерте ғасырдан келе жатқан салауатты, мықты қоғамды дамытудың негізі болып табылады. Тек ынтымақты қоғам ғана нағыз әлеуметтік мемлекетті құрып, адамдарға лайықты өмірді қамтамасыз ете алады.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – мемлекетшілер мен патриоттар партиясы.
Біз әрқашан аграрлық қызметкерлер мен ауыл еңбеккерлерінің, барлық қазақстандықтардың мүдделерін қолдап келдік және қолдаймыз да.
Біз билікке қатысуды қара бастың қамы ретінде емес, өзіміздің бағдарламалық нұсқамаларымызды іске асыру, халыққа тиімді қызмет ету құралы әрі мүмкіндігі ретінде қарастырамыз.
Осы бағдарламада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы еліміздің өміріндегі өзекті міндеттерді шешу, Қазақстанның одан әрі өркендеуіне ықпал ететін жаңғыртушы қайта құруларды жүргізу жолдарын ұсынады.
НАҚТЫ ЕҢБЕК ҮШІН НАҚТЫ АҚЫ ТӨЛЕУ
Біз нақты еңбек үшін нақты ақы төлеуді неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет деп санаймыз. Өмір сүру үшін өз еңбегімен табыс тауып жүрген әрбір адамның лайықты сыйақы мен әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Біздің мақсатымыз – Еңбек кодексінде және әлеуметтік салаға жататын басқа заңдарда лайықты ақы төленетін еңбекке және жұмыспен қамтуға нақты құқықтарды бекіту.
Біз ресми түрде қабылданған ең төмен тұтыну себетінің кеңейтілуін қолдаймыз. Бұл шара Қазақстан азаматтарының өз денсаулықтарын сақтап, жақсартуына және әлеуметтік, сондай-ақ кәсіптік тұрғыда дамуына мүмкіндік береді. Тұтыну себеті азық-түлік және тағамдық емес тауарлардың құнын ғана емес, әрбір азаматтың өмірлік қажетті қызметтеріне жұмсалатын шығыстарды да қамтуға тиіс.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі адамның барлық негізгі құндылықтарын нақты қанағаттандыруға және Қазақстанда адами капиталдың дамуы үшін жағдай жасауға тиіс.
Халықтық әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау жүйесіне толықтыру енгізудің маңызы зор.
Осы мақсатта мыналар қажет:
Зейнетақыны, салымдарды және әлеуметтік жәрдемақыларды халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ете алатындай деңгейге дейін үнемі индекстеп отыру;
Жетім балалар мен асыраушысынан айрылған балаларды нақты мемлекеттік қамқорлыққа алумен айналысу;
Ауылдық елді мекендер үшін және нақты ауыл тұрғыны үшін ең төмен стандарттарды әзірлеу және бекіту; ауылдық елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйлерді, мектептерді, ауруханаларды, инфрақұрылымды, мәдениет мекемелерін және жолдарды салу мен жөндеу арқылы ауылда өмір сүруге сапалы жағдай жасау.
Біз сондай-ақ, зейнетақы – әлеуметтік садақа және қартайғанда берілетін жәрдемақы емес деп санаймыз. Бұл бұрынғы істеген еңбек үшін заңды түрде кейінге қалдырылған жалақы. Оның мөлшері зейнеткерлердің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Барлық жағдайда қосымша ақымен қоса, еңбек зейнетақысының мөлшері заңда белгіленген базалық стандарттан төмен болмауы керек. Аға буын өкілдері қартайған шағында зор құрметке және молшылықта өмір сүруге лайықты. Лайықты зейнетақы адал еңбек ету үшін маңызды ынталандырудың бірі болып табылады.
Біз экономикалық заңдардың қатаң әрі ырыққа көнбейтінін түсінеміз. Сондықтан асырауында болушылыққа қоғамның тек шағын бөлігінің – халықтық әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының ғана құқығы бар. Көмек атаулы болуға тиіс.
ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ ОТБАСЫ – ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ
Қолданыстағы отбасы заңнамасы заманауи жағдаяттарға сәйкес болуға тиіс. Неке және отбасы туралы кодексті жаңғырту қажет.
Біз отбасы институтын нығайту мемлекет пен қоғамның дәйекті және шоғырландырушы стратегиясына айналуға тиіс деп санаймыз. Біздің таңдауымыз – бірнеше бала өсіріп отырған отбасылардың мүдделерін алғашқы орынға қоятын белсенді әлеуметтік-демографиялық және отбасылық саясат.
Партия мыналар қажет деп санайды:
30 күннің ішінде оларға жұмыс орнын ұсыну.
Жауапты ата-ана – бұл дені сау, аман-есен және ақылды балалар, демек, бүкіл халқымыздың сапасы. Ана мен әке болудың беделін арттыру қажет!
БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ –
ЗАМАНАУИ ЕЛ
Білім беру саласындағы проблемаларды шешу мемлекеттік басым міндеттердің бірі деп танылған. Алайда оқыту бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу, оқыту мерзімін, оқу сағатының санын ұлғайту есебінен жалпы білім беру үдерісінің мазмұнын жаңғыртуға деген жүйесіз талпыныстар оқушыларға шамадан тыс ауыртпалық әкеліп, олардың денсаулығының нашарлауына әкеп соқтырды.
Оқушылардың заманауи құқықтық, психологиялық, экономикалық және экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зор маңызын атап өткен жөн.
Мектеп түлектерінің жеке тұлғасын әлеуметтендіруді, олардың заманауи қоғамдағы өмірге бейімделіп кетуін қамтамасыз ету қажет.
Білім беру жастарды еңбек нарығына даярлауға ғана келіп саймайды және олай болуға тиіс те емес. Мектептердің міндеті – жастарды қоғамда өмір сүруге даярлау, оларға әлеуметтік тәжірибе беру, алдыңғы өткен ұрпақтың рухани және мәдени мұрасын қалдыру, Тәуелсіз Қазақстанның жас патриоттарын тәрбиелеу.
Біз білім беру реформасының негіз қалаушы қағидаты білім берудің жалпыға қолжетімділігі мен сапалылығы ғана емес, білім алушылардың бойында білімнен коммерциялық өнім алуға ықпал ететін кәсіпкерлік құзыреттер мен машықтарды қалыптастыру деп санаймыз.
Осы мақсатта мыналар орынды болмақ:
Үздіксіз білім беру және қашықтықтан электронды білім беру моделін шалғай ауылдардың тұрғындары, мерзімді қызмет солдаттары және елімізде халықтың әлеуметтік қорғалмаған барлық топтары үшін қолжетімді ете отырып, оны дәйекті түрде енгізу қажет. Бірыңғай ғылыми-білім беру кешенінде ғана, ғылыми білімді үнемі жаңарта отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбилеуге болады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ, САПАСЫ ЖӘНЕ УАҚТЫЛЫЛЫҒЫ
Партия медицинаға арналған мемлекеттік шығыстар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес болуына және ЖІӨ-нің кемінде 5%-ын құрауына қол жеткізетін болады. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың, оның ішінде темекі мен алкоголь өнімдерін сатудан алынатын акциздердің, ойын бизнесінің кірістерінен түсетін аударымдардың бір бөлігі есебінен қаржыландырудың қосымша көздерін тарту қажет.
Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның тиімді бірлескен қызметінде нақты мақсаттары мен бағдарлары болуға тиіс: өлім-жітімді азайту, тууды арттыру, аурушаңдықты азайту, өмір сүру ұзақтығын арттыру, өмір сүру деңгейі мен сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, өмір сүру салтында келеңсіз үрдістерді жою.
Партия барлық өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік дәріханалар желісін құруға ұмтылатын болады.
Медициналық көмектің ауыл халқы үшін қолжетімділігін арттыру қажет.
Сондай-ақ, ауылда тәжірибеден өтуші дәрігерлерді қашықтықтан ақпараттық интернет-қолдауды және әдеуметтік медициналық сақтандыруды белсенді түрде енгізу қажет.
Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің әлеуметтік маңызын ескере отырып, партия медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету, қазақстандықтардың, әсіресе ауылдық жерлердегі халықтың әлеуметтік осал топтарына медициналық көмек көрсету барысына, сақтандыру қоры қаражатының нысаналы жұмсалуына қоғамдық бақылау орнату қажет деп санайды.
Біздің мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамның өміріне тең құқылы қатысуын, олардың барлық жерде қоғамдағы орнын өзі белгілеу құқығын қамтамасыз ету болып қала береді.
Осы орайда, партия мыналар қажет деп санайды:
Медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы және уақтылылығы, салауатты өмір салты – салауатты ұлттың негізі!
ҰЛТТЫҢ МӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН!
Мәдениет – мемлекеттің болашағы құрылатын іргетас және қоғамды дамытудың маңызды көзі.
Рухани саладағы ұлттық мүдделерді қорғау үшін партия мынаны ұсынады:
Жас ұрпақтың бойында азаматтылықты тәрбилеуге бағытталған гуманитарлық бейінде оқыту бағдарламаларының, әдістерінің сапасын арттыру.
Ағартушылық және көңіл көтеру сипатындағы ресурстардың: кітаптардың, фильмдердің, балалар ойындарының, конкурстардың және т.б. қолжетімділігін арттыру арқылы қазақ тілін кеңінен таныту.
Орта мектептерде қазақ тілін, Қазақстан тарихын және қазақ әдебиетін қазақ тілінде; ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихын ағылшын тілінде; және орыс тілін, орыс әдебиетін орыс тілінде міндетті түрде оқытуды енгізу;
2020 жылға қарай мемлекеттік қызметке кіретін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын адамдар үшін мемлекеттік тілді білуге міндетті емтихан енгізу.
Халықпен, әсіресе, жас ұрпақпен әлемдік негізгі діндер мен ағымдардың тарихын оқып білу бойынша ағарту жұмысын, діндарлар арасында радикализмді, терроризм мен экстремизмді қабылдауға болмайтындығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.
Қазақстандық шығармашыл, ғылыми зиялылардың жаңа буынын қалыптастырудың мақсатты, ұйымдасқан, идеологиялық және ынталандырушы саясатын жүргізу.
Біз сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан «Мәнгілік ел» идеясын жақтаймыз. Азаматтық қоғам, еңбекқорлық, адалдық, ғылым мен білімге табыну, зайырлылық және төзімділік сияқты құндылықтар рухтанған қоғамды құрудың іргетасы болып табылады.
Бейбітшілік, барлық этностардың тұтастығы, өзара түсінісуі – табыс кепілі.
Жастар – Қазақстанның басты инновациялық әлеуеті. Сондықтан бізге пәрменді мемлекеттік жастар саясаты қажет. Дербестікті, әлеуметтік жауапкершілікті, пысықтықты, жасампаз ой-сананы, біруақытта, халықтың дәстүрлері мен рухани құндылықтарын жақтаушылықты, сабақтастықты, тарихи жадыны арттыруға ықпал ететін болады.
Біз жас ұрпақты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне көбірек тартуға, олардың білім алу мен еңбекке, мәдени құндылықтар мен бұқаралық спортқа құқықтарын қамтамасыз етуге міндеттіміз.
Партияның жастар саясаты саласындағы басты басымдықтары мыналар болып табылады:
Біз мыналар қажет деп санаймыз:
Біздің мақсатымыз – Қазақстан Республикасының ерікті, білімді, мәдени, патриотты түрде ойлайтын азаматын тәрбиелеу!
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Елімізде бүгінгі таңда елді индустрияландырудың кең ауқымды бағдарламасы іске асырылуда және ол өз жемісін беруде.
Бүгіннің өзінде ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында жаңа технологиялар жұмыс істейді. Олардың өңдеуші салаларға, әсіресе, ауыл шаруашылығына түсуін қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта мыналар қажет:
Қазақстан Республикасы жоғары ақпараттық технологияларды енгізу, іргелі ғылыммен де, экономиканың озық салаларының тұтынушыларымен де тығыз байланысты білім беру жүйесін дамыту негізінде алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіруге тиіс.
Материалдық емес активтердің құнын өсіру керек. Зияткерлік меншік нарығын дамыту қажет.
Халықтың зияткерлік және рухани-адамгершілік құндылықтарын күзету мен көбейтудің тиімді тетіктерін құру қажет.
Елді инновациялық дамытудың маңызды жүйелік ресурстарын: қазақстандық ғылыми мектептерді, технопарктерді, технополистерді, маңызды технологиялардың «инкубаторларын», озық дамыту аумақтарын қолдау бағдарламасын кеңейту қажет. Білім беру мен ғылымға арналған шығыстарды ЖІӨ-нің 3%-ы деңгейінде ұстап тұру.
Қазіргі заманғы қоғамда зияткерлік меншік капитал болып табылады, ал зияткерлік өнім белсенді түрде коммерциялық айналымға тартылуда. Демек, ғылыми идеяны оны коммерцияландыру сатысына дейін жеткізуге көмектесетіндей жаңа нарықтық құрылымдар қажет.
Зияткерлік меншік проблемасына біздің қағидатты көзқарасымыз әзірлеушінің жаңалығы пайдаланылатын түпкі өнімнің әрбір бірлігін сатудан түсетін кірістің бір бөлігін алуын оған бекітіп беруден тұрады.
Біз ғылым дамыту және ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін пайдалану мәселелері жөнінде ірі басқарушылық шешімдер қабылдау елдің бүкіл ғылыми қоғамдастығының пірікін ескере отырып, жүргізілуіне ұмтылатын боламыз.
Біз мыналар қажет деп санаймыз:
3 – 5 есеге ұлғайту.
Перспективалы ұлт – бұл білім мен инновациялар қоғамы!
ТИІМДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ –
ЕЛДІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
Партия ауыл проблемасына ерекше назар аударатын болады.
Қазіргі заманғы мықты және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы еліміздің өркендеуін қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын дамыту саясатының басым саясаты мыналар болуға тиіс:
Олардың көмегімен өнімдердің неғұрлым өтімді түрлерін шығаруды ынталандыру, өндіріс көлемдерін бақылау, бағаның ауытқуын азайту және ауыл шаруашылығындағы болжамдауды жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру қажет.
Ауыл шаруашылығы нарығындағы мемлекеттік сатып алу тетігін және тауарлық интервенцияларды қайта қарау, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін нарықты бағасы жағынан неғұрлым пайдалы және айқын ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу байланысты тауарлық кредиттер түрінде ұсынылуға тиіс.
Еліміздің аумағында экологиялық тәуекелдердің үлкен көлемі жинақталып қалды. Жердің, су мен ауаның ластануы, еліміздің биологиялық және орман байлықтарына қатысты айуандық әрекет, экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтамау адам денсаулығына нақты қауіп тудырады.
Экологиялық қауіпсіздікті жақсарту үшін жағдай жасау – өте ұзақ әрі көп еңбекті қажетсінетін процесс және көптеген мемлекеттік құрылымдар мен саяси күштер іс-қимылдарының келісілуін және дәйекетілігін талап етеді.
Экологиялық апаттың жолын кесу оның салдарымен күресуге қарағанда, әрқашан оңай!
Партия мыналар қажет деп санайды:
Қоршаған ортаның сапасы өмір сүру сапасының маңызды өлшеміне және аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштерінің біріне айналуға тиіс.
ҚОҒАМ МЕН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕГІ БИЛІК
Заманауи әлемде өзгеріске дайын тұрған адам жеңеді. Егер саяси жүйе ұлттық қауіпсіздіктің ықтимал қауіп-қатерлерінің алдын алатын болса және қоғамдағы өзгерістерге барабар ден қоюға қабілетті болса, мемлекет орнықты және ілгері дамиды.
Бұл үшін билік азаматтық қоғаммен үнемі сұхбатта болуға, демократиялық инстиуттарды нығайтуға тиіс.
Сонымен қатар, үнемі консультациялар беріп отыру және елдің маңызды проблемаларын талқылау жолымен қоғамның саяси мәдениетін арттыру қажет.
Біздің мақсатымыз – мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік және муниципалды басқару саласында қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға және олардың іске асырылуын бақылауды нығайтуға өз үлесін қосуға тиіс.
Партия мыналар қажет деп санайды:
Әлеуметтік желілерде ұсынылған жаңа әлеуметтік күштер қоғам мен мемлекеттің кері байланысының бірегей құралы болып табылады. Партия барлық бағыттағы әлеуметтік желілердің барлық пайдаланушыларына құрметпен қарайды.
СЫРТҚЫ САЯСАТ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК
Қосылуға ниеттенген, халықаралық келісім-шарттар мен конвенцияларды жасау кезінде, ең алдымен біз, ұлттық мүддені басшылыққа алуға міндеттіміз.
Біз Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтуды қолдаймыз.
Осыған байланысты партия мына әрекеттерді қажет деп санайды:
Теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу, Қазақстанның Еуразия, Еуропа және Азия кеңістігіндегі әртүрлі халықаралық институттарға қатысу;
Экономика және қауіпсіздік саласындағы өзара қолайлы әріптестік келісімдерді тереңдету;
Өңірлік және әлемдік проблемаларды шешуде Қазақстанның рөлін күшейту, мамандарымыздың әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологияны сақтау мен денсаулықты қорғау жөніндегі миссияларға қатысу.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жоғарыда айтылған бағдарламалық нұсқамаларды қолдау үшін оның мүшесі болу міндетті емес санайды. Сөзбен емес, іспен өз Отанының азаматы болу – біздің патриоттығыздың көрінісі.
«АУЫЛ» ХДПП – Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағдарланған әділ мемлекет құруды өзінің мақсаты етіп қойған заманауи партия.
Біз Қазақстан Республикасының болашағы қымбат деп санайтын барлық адамды бізбен бірге болуға шақырамыз!
БІЗ ТӘУЕЛСІЗ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ӘДІЛЕТТІ, ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!