“ADAL” САЯСИ ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

“ADAL” САЯСИ ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

“ADAL” белсенді және ел тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктірген партия.

          Біз адамдарға әділдік таныту, биліктің есеп беруі және бизнестің бәсекеге қабілеттілігі қағидаттарына негізделіп, қоғамның барлық салаларына ауқымды түрде жаңарту жүргізілгенін қолдаймыз.

         Қазақстан 30 жыл ішінде дамудың нақты векторына ие егеменді әрі тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Заманауи Қазақстанның негізін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалады, Елбасының тәуелсіз елді қалыптастырудағы тарихи рөлі теңдесіз.

         Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар және ілгерілемелі модернизацияның сабақтастық бағытын сақтап қалды.

         “ADAL” партиясы аталған бағытты қолдайды және іске асырылмақ реформалардың тиімділігі, барша қазақстандықтарға лайықты өмірді қамтамасыз етуге бағдарланған нақты басымдықтар, жаппай кәсіпкерліктің дамуы және әділ, есеп беретін мемлекеттік қалыптастырудың нәтижелілігін жақтайды.

         Біз құрылымды диалог және тұрақты кері байланыс негізінде азаматтық қоғам, билік пен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуін қалаймыз.