«АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ ЕЛДЕГІ АХУАЛ
Ұлттық тәуелсіздік – басты құндылық және Қазақстанның прогрессивті дамуының шарты
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қазіргі әлемде лайықты орнын алып, толыққанды егемен мемлекет ретінде танылды. Осы уақыттың ішінде елде өмір сапасын айтарлықтай көтеретін, Қазақстандық экономиканың келбетін өзгертетін, оның шикізат ресурстарын экспорттауға тәуелділігін азайтатын, отандық өндірістің және жоғары технологиялық секторлардың үлесін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары қабылданды және іске асырылуда. Экономиканың және тұрғындар өмірі деңгейінің алға бағытталған өсуі қамтамасыз етілді.
Адам капиталының сапалық жағынан өсуі Қазақстанды дамытудағы жоғары басымдылық ретінде ресми деңгейде жарияланды. Әлеуметтік жаңғырту саясатын қабылдау республика азаматтарының әл-ауқатын және әлеуметтік көңіл-күйін жақсартудың ұзақмерзімді стратегиялық трендін қалыптастырады.
«Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекетті дамытудың осы стратегиялық бағытын қолдайды, өйткені біз Қазақстанның басты құндылығы мұнай мен металдар емес, біздің талантты халқымыз деп есептейміз.
Еліміздің тәуелсіздік алуы қазақ халқының тілін, мәдениетін және рухани құндылықтарын ығыстырудан құтқарды, оларды біздің еліміздің барлық этностарының тілі және төл мәдениетін сақтай отырып, әрбір қазақстандықтың игілігіне айналдыруға мүмкіндік берді.
Сыртқы әлемге ашықтығымыздың арқасында Қазақстан азаматтары жалпы әлемдік құндылықтарға, ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерге барған сайын көбірек араласа бастады.
Жеке тұлғаның кәсіби, шығармашылық, рухани дамуына ел ішіндегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім қолайлы жағдайлар жасауда.
Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, салмақты сыртқы саяси бағытымыздың арқасында Қазақстан халықаралық қатынастарда беделді қатысушыға айналды. Еліміздің Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі, сондай-ақ Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесінің (АӨСШК) құрылуы Қазақстанды әлемдік деңгейде мойындаудың жарқын көріністері болып табылады.
Қазіргі заманның негізгі сын-қатерлері мен қарама-қайшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің көптеген басқа да мемлекеттері сияқты қаржы-экономикалық дағдарысы мен өткір геосаяси қарама-қайшылықтардың салдарынан қазіргі заманның сын-қатерлерімен бетпе бет келіп отыр.
ХХ1 ғасырдағы үдей түскен жаһандану әлемдегі әр түрлі елдердің өзара әрекеттестігіне ықпал ететін шешуші факторға айнала бастағаны анық. Кейінгі жылдары бірталай мемлекеттер ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс тудырған әлеуметтік-экономикалық және саяси күйзелістерге өздерінің дәрменсіздіктерін және осалдықтарын көрсетті.
Бұл дағдарыс ел экономикасына мемлекеттің қатысуының өсуін ынталандырды. Дағдарысқа қарсы шаралардың жасалуының және жүзеге асуының, оған қоса қаржылық секторға, кәсіпкерлікке және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетудің арқасында, Қазақстан ғаламдық сынақтардың соққыларына төтеп бере алды.
Дегенмен, байқалып отырған мемлекеттік кәсіпорындардың құрылуының жандана түсуі бәсекелестік ортаны едәуір қысқартады және экономиканың жеке секторын дамытуды жолдың жиегіне ығыстырып тастайды. Қатаң қазыналық режімді қоса алғанда, әр түрлі әкімшілік тосқауылдар әрекет етуін және көбеюін жалғастыруда. Бұл азаматтық және кәсіпкерлік бастамашылдықты қатты тежейді. Жастар өкілдерінің көпшілігінің бүгінде өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруын немесе жеке бизнесін құруды емес, министрліктегі шенеуніктік мансап немесе ұлттық компаниядағы менеджерлікті армандауын кездейсоқтыққа жатқызуға болмайды.
Ұлттық мемлекеттерді саяси және экономикалық одақтарға біріктіру жолымен аймақтандыру беталысы сыртқы күштердің ықпал ету сипатына ие.Қазақстанның Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен интеграциясы ғаламдық сын-қатерлерге бірігіп қарсы тұру үшін осы елдердің әлеуетін біріктіруі тиіс.
Сонымен қатар осы бірігудің аясында Қазақстан серіктес-елдердің ішкі нарықтарына кіруде кедергілерге, өзіне қатысты әр түрлі мемлекетаралық келісімдердің орындалмай жатқанына тап болуда. Келіссөздер процесінде қазақстандық шенеуніктер тарапынан бастамашылдық ұстанымның болмауы жағдайды ушықтыра түседі. Отандық бизнес үкімет тарапынан бара-бар және уақытылы артықшылықтар (преференциялар) алмайды, мемлекеттік органдардың бизнесті қолдау жөніндегі шаралары көбіне кешігушілік және екіұштылық сипатқа ие. Мұның барлығы біздің еліміздің экономикасына зиян келтіреді.
Осының фонында КО-ЕАЭО бойынша серіктестер тарапынан тәуелсіздігімізге және мемлекеттік шешімдерді дербес қабылдауға қауіп тудыратын ұлтүсті парламент және өзге құрылымдар құрудың қажеттілігі туралы жол беруге болмайтын мәлімдемелер де оқтын-оқтын жасалып қалуда.
Жаhандық сын-қатерлер жағдайларында Қазақстанда кейінгі жылдары сондай-ақ басқа да проблемалар және сын-қатерлер туындап қалып отыр.
Қазақстандық қоғамның табыс және әл-ауқат деңгейі бойынша жіктелуінің жоғары деңгейі сақталуда. Кедейлер мен байлардың арасының алшақтығының артуы әлеуметтік теңсіздікті тудыруға, еңбекпен келген табыстардың және әлеуметтік әділеттілік ұстанымдардың беделін түсіреді. Баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері өте ширығып тұр. Бұқаралық әлеуметтік сатылар жоқ, қоғамның аз қамтамасыз етілген топтарындағы жастар үшін анық еңбек және өмір жолына үміттендіретін келешек жоқ.
Еліміздің экономикасында квазимемлекеттік сектордың шамадан тыс өсу үдерістері жүруде. Негізгі салаларда мемлекет бақылауындағы холдингтер мен компаниялар үстемдік танытуда. Жекеменшікті қорғаудың абсолюттік құқықтық кепілдіктері мен тетіктері жасалмаған, ол рейдерлік және бизнесті тартып алу фактілеріне жол ашады. Осының барлығы бәсекелестік ортаны бұзады, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес еркіндігіне қауіп төндіреді, ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін төмендетуге әкеледі.
Республика өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі алшақтық тереңдеп барады. Еліміздің көптеген ауылдарында, селоларында және шағын қалаларында халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жағдайы төмен. Осыған орай тұрғындардың қалаларға көшуінің өсуі орын алуда. Ең жоғары деңгейдегі жалақысы бар мұнай өндіретін өңірлерде, оны алатындар негізінен шетелдік мамандар болып қалып отыр. Ал дәл осы облыстардың жергілікті тұрғындарының арасында, керісінше, кедейлік пен жұмыссыздық ең жоғары деңгейде.
Азаматтардың санасына материалдық игілікке деген табынушылықты күшейтетін, рухани құндылықтардың рөлін төмендететін, өндірімді іс-әрекетті және адал еңбек табыстарының беделін түсіретін тұтынушылық ойлау жүйесі жағымсыз әсерін тигізуде.
Халықтың әлеуметтік көңіл күйі әлсін-әлсін нашарлауда. Бюджеттің аса зор шығындарына қарамастан, елде тұрғын үй проблемасы шешілген жоқ, зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыны есептеулер тәртібі мен мөлшерлері күдіктер және өткір пікір-таластар тудырады. Денсаулық сақтау жүйесі қымбат тұратын жабдықтармен сығылысып жатыр, бірақ біліктілік пен адамгершіліктен барған сайын алыстап барады. Қатардағы дәрігерлердің еңбегі мен кәсібилігі басшылықтың сайма-сай бағасын алмайды. Білім беру саласы таусылмайтын эксперименттер үшін сынақ алаңына айналды. Оқулықтар сапасы және білім деңгейі құлдилап кері кетті.
Қазақстаннан әр түрлі жолдармен, оффшорлық аймақтарды қоса алғанда, шет елдерге «откаттар», тендер кезіндегі бағаларды көтеру және т.б. түрде бюджеттік қаражаттардың аса зор сомалары шығарылып жатыр. Сондықтан да ресми табыс жан басына шаққанда шығысеуропалық елдердің деңгейінде деген кезде, қатардағы қазақстандықтың өмірін «еуропалық» деп атау мүмкін емес.
Пайда болуы күмәнді табыстарға өмір сүретіндердің жағымсыз кейпі қарапайым адамдардың көбінің түңілу және алданып қалу сезімдерін өршітеді, әлеуметтік шиеленісуді қалыптастырады, ал мұның өзі, басқаны айтпағанда, этникалық және діни ағымдарды саясаттандыруға жетелейді. Республиканың тұрақты дамуы және ұлттық қауіпсіздік үшін терроризм мен экстремизмнің көрініс табуы айтарлықтай сын-қатерге айналды.
Осындай жүйелі проблемалардың басты көзі сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралуы болып табылады. Жемқор шенеуніктердің арасында ашық іріткі салушылық және бопсалаушылық, қабылданатын шешімдердің мөлдір еместігі және әділетсіздігі, қарапайым азаматтарға немқұрайдылық пен құрметтемеу, таяз кәсіби біліксіздік жиі кездесетінін байқауға болады.
Экономикалық либерализм және саяси бостандықтар – бір медалдің екі жағы, бұл өзара байланысты және өзара толықтырушы үдерістер. Экономикадағы жекеменшік секторының қысқартылуы, тұтастай салаларды және салттарды мемлекеттік меншікке алу, кәсіпкерлік бастамалардың төмендеуі азаматтық қоғамның өсе түскен енжарлығы мен жігерсіздігінің, мінез-құлықтың тұтынушылық және патерналистік үлгісінің дамуының, көптеген адамдардың мемлекет тағдырына және тіпті өзінің отбасы үшін жауапкершілік алуға моралдық жағынан дайын еместігінің айна-қатесіз көрінісін бейнелейді.
Кәсіпкерлік сектордағы ахуал да осыған ұқсас, мемлекеттік әлеуметтік және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар арқылы азаматтық қоғам институттарының саясаты мен білдіретін ұстанымдары «мемлекеттік меншікке алынды», бұқаралық ақпарат құралдарында өз-өзіне цензура енгізу және тынышталу беталысы байқалады.
Сонымен бірге елімізде өздеріне не қажет екенін анық білетін, өз тағдырларына өздері еге, өмірлік және азаматтық көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын, өз отандастарын жан-жақты қолдайтын және қоғамның дамуына өзінің лайықты жеке үлесін қосып жүрген адамдардың саны да жеткілікті. Олар өз отбасының немесе аймағының деңгейіндегі, сондай-ақ бүкіл елдегі көптеген мәселелерді шешуге дайын.
Осындай азаматтардың күш-жігерін және әлеуетін біріктіру арқылы жағымсыз тенденцияларды жоюға және Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа кезеңге өтуге қол жеткізуіміз керек. Бұл жаңа кезең тәуелсіздігімізді алған сәттен бергі қол жеткізген табыстарымызды баянды етіп, мемлекетті одан әрі нығайту, әрбір азаматтың мүмкіндіктерінің өсуін, өнімді және бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың дамуын, біздің қоғамның ұлттық мүдделерін іске асыру үшін алғышарттар жасауы тиіс.
«Ақ жол» партиясының қазіргі замандағы рөлі мен орыны
«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен ұсынылған жаңа саяси бағыт партияның келешектегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарларын белгілеуді анықтады. Сонымен бірге, өзінің саяси ұстанымдарына сәйкес, ұлттық мүдделерге және прагматизмге сүйене отырып, «Ақ жол» партиясы ортақ мақсаттардың орындалуына қол жеткізу үшін шаралар кешенін ұсынады.
«АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына, оның құқықтары және бостандықтарының сақталуына, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының ұдайы көтерілуіне, сондай-ақ қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуіне жету үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Біздің партия ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негіздерін қалаған, ұлттық мүдделерімізді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды өзінің мақсаты еткен «Алаш» ұлт-азаттыққозғалысының ізбасары болып табылады. «Алаш» қозғалысының базалық құндылықтары – ұлттық дербестік, либерализм, демократия, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, өнімді нарықты экономика, этностар мен діндердің теңқұқықтылығы – біздің бағдарларымыз болып қызмет етуін жалғастырады.
«Ақ жол» партиясы ұлттық мүдделерді ілгері жылжытады және қорғайды, өзінің іс-әрекетін қоғам мен мемлекеттің дамуының барынша жоғары деңгейіне шығуына жәрдемдесуге бағыттайды, олардың рухани және материалдық құндылықтарын қорғайды. Ұлттық мүдделер өзіңнің мемлекетің мен халқыңды, еліміздегі қазақ және басқа халықтардың өкілдерінің тілі, мәдениеті және дәстүрлерін құрметтеуге, Қазақстан аумағының және конституциялық құрылысының бұлжымастығын тануға, табиғи байлықтарын және өндірістік әлеуетін пайдаланудағы экономикалық ұлтшылдыққа сүйенуге тиіс.
«Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегі – қалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер.Олар мемлекеттің рақымын күтіп отыра бермейді, өздеріне жасалған мүмкіндіктерді бастамашылдықпен пайдаланады, рухани және материалдық игіліктерді жасап, өзінің және жалпыға бірдей әл-ауқатты арттыра отырып, өз өмірлерін өздері құрады. Орта таптың өкілдері – жекеменшік иелері және менеджерлер, инженерлер мен заңгерлер, дәрігерлер мен педагогтар – экономиканың барлық секторларында, интелектуалдық және әлеуметтік салаларда ұлттық әл-ауқаттылықты жасауға қатысады.
«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы қоғам және экономиканы алға бастырудың ең өзекті міндеттерін қойып және сол міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті жекеменшік иелерінің, басқарушылар мен интеллектуалдар табы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жәрдемдесуді өзінің тарихи миссиясы деп санайды.
Экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенде, қоғам мен саясаттағы тиісті өзгерістерсізжаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізу мүмкін емес.
Бұған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының қазіргі деңгейін тірек етіп алып, біздің қоғам әлеуметтік-экономикалық жаңғыруға және оны кеңейтіп жатқан саяси және мемлекеттік құрылыс салаларындағы үдерістерге сүйенетін жаңа реформаторлық парадигмалар үшін пісіп жетілді деп санайды.
Мұндай парадигма мемлекеттің нығаюына, парламентаризм принциптерінің күшеюіне, үкіметтің қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, сөз еркіндігі және бірігу еркіндігін қоса алғанда, кәсіпкерлік еркіндікті және азаматтық бостандықты кеңейтуге байланысты болуы тиіс.
Елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты сақтау жауапкершілігін бөлісе отырып, «Ақ жол» партиясы бұл міндеттерді шешу үшін барлық қоғамдық күштермен теңқұқықты үнқатысуға ашық екенін білдіреді.
САЯСИ ЖАҢҒЫРТУ:
ШАРАЛАР, ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мемлекеттік билік және басқару жүйесін жаңғырту
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және басқару жүйесі билік тармақтарының бір-бірінен шынайы ажыратылуының және өзара тиімді іс-қимылының, парламентаризм принциптерінің басымдығының, барынша транспаренттік және мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығының негізінде басқарудың суперпрезиденттік жүйесін президенттік-парламенттік басқаруға кезең-кезеңмен қайта құру арқылы қызмет етуі тиіс.
фракциясының мәртебесін және құқықтарын реттейтін және қорғайтын заң қабылдау;
қаржыландыру және мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануды қоса алғанда, шынайы теңдікті қамтамасыз ету; сондай-ақ оларға келесі құқықтар берілуі керек:
– заң жобаларын, үкімет енгізген заңдарға баламалы жобаларды қоса алғанда, дайындап Мәжілістің қарауына ұсыну;
– орталық атқарушы органдардың жасаған заң жобаларына Үкімет ресми түрде бекітпей тұрып және одан кейінгі Парламент Мәжілісіне енгізгенге дейін міндетті түрде алдын ала сараптама жасау.
– Үкімет құрылымын бекіту;
– Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелерін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Уәкілді және Бизнес-омбудсменді сайлау;
– Үкіметке сенімсіздік білдіруге, сондай оның жекелеген мүшелеріне сенімсіздік білдіре отырып, оларды одан әрі атқарып отырған қызметінен босату туралы Президенттің алдына мәселе қоюға бастамашылдық жасау.
иелерінің іс-әрекеттерін азаматтарға және жеке заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуге мейлінше бағдарлауды қамтамасыз ету;
шетелдік тәжірибені ескере отырып, алдыңғы қатарлы және тиімді стандарттарын, құралдарын және технологияларын енгізу;
қызметтерін айқын бөліп көрсету;
мораторий енгізу, сонымен бір мезетте мемлекеттің қатысуымен қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кем дегенде 70 пайызынан мемлекеттің шығуы;
және тиісті экономикалық секторларға қатысты барлық реттеуші функцияларды шоғырландыру;
бағдарламаларды іске асыруға ұлттық кампаниялармен және мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындармен алынған мемлекеттік қаржыларды қайтару тәртібін заңнамалық тұрғыда нақтылауды қамтамасыз ету;
– бюджеттің шынайы транспаренттілігіне қол жеткізу. Бюджетте жекелеген іс-шаралар, бағдарламалардың нысандары және әкімшіліктері бойынша шығындар бөлімін нақтылайтын тараудың міндетті түрде болуын заңды түрде белгілеу.
Мұнайлық емес түсімдердің (экономиканы индустрияландыру және әртараптандыру есебінен) тұрақты өсуін, сондай-ақ мұнайлық емес тапшылық деңгейінің 3 пайыздан жоғары болмауына бақылауды қамтамасыз ету;
– Ұлттық қордың қаржыларын негізгі капиталдан және ағымдағы түсімдерден жұмсаудан бас тартып, тек инвестициялық кірістің жыл сайынғы пайдасы бөлігінен бюджеттің ағымдағы мақсаттарына пайдалану тәртібін заңмен бекіту;
– Бірыңғай жинақтық зейнеткерлік қор қаржыларының сақталуына және өсуіне экономиканың нақты секторына инвестициялау есебінен қол жеткізу және тәуекелділіктегі қаржылық инструменттерге салудан бас тарту.
саясатына және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты толық жауапкершілік жүктеу;
шешімдерінің негізділігі үшін ұжымдық жауапкершілігін және оның әрбір мүшесінің дербес жауапкершілігін қамтамасыз ету;
компаниялардағы, ұйымдардағы және кәсіпорындардағы мемлекеттік активтерді басқаруын және олардың басшыларын тағайындауды енгізу.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірумемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыруға бағытталуы тиіс, өкілеттіктердің көбін жергілікті мемлекеттік басқару органдарына және өзін-өзі басқаруға беру, жергілікті маңызға ие істерді басқару процесіне азаматтардың және жергілікті қауымдастықтың қатысуын кеңейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың жетекші институттары ретінде облыстық, аудандық, және қалалық мәслихаттардың позициясын күшейту керек.
Азаматтық қоғам мен оның институттарын дамыту
Азаматтық қоғамның қарышты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оны мен мемлекет арасындағы қатынастарда серіктестік пен сындарлылық мүдделеріне сай кешенді шаралар қабылдануы тиіс.
АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Қазақстан дамуының аса маңызды мақсаты оның азаматтарының әл-ауқатының өсуі және әлеуметтік көңіл күйі болуы тиіс. Бұған тек кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтықты азайту, бүкіл қоғамды өнімді еңбекке тарту, ашық әлеуметтік және экономикалық саясат құру, әр адам үшін нақты мүмкіндіктер және өмірлік перспективалар жасау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осыған байланысты мемлекеттің бизнес қауымдастықпен және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы қызметіндегі аса маңызды бағыт жұмысқа орналастыруды ынталандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру желілері бойынша сапалы қызмет көрсету арқылы адамдардың өз ойларын іске асыра білуі, шығармашылық дамуы және жоғары өнімді еңбегін қолдау үшін мүмкіндіктерін кеңейту болуы тиіс.
Адам капиталын қалыптастырудың негізі тәсілдемелерінің бірі ізгілікті және салауатты қоршаған ортаны, «жасыл» және энергия үнемдеу экономикасын дамытуды, сондай-ақ белсенді экологиялық қызметті қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек ресурстарын арттыру және нығайту
Халықты жұмысқа орналастырудың, еңбек жағдайларын жақсарту және меншіктің кез келген түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін барынша жасау мақсатында «Ақ жол» ҚДП мыналарды қажет деп пайымдайды:
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды мақсатқа сай деп есептейміз:
оларды қажет ететін барлық санаттағы азаматтарды толық қамту;
еңсеру жөнінде нақты шаралар жасау;
мөлшеріндегі зейнетақының әділетті деңгейімен қамтамасыз ету; осындай ұстанымды (ең аз күнкөрістік шаманың 60 пайызы) жасы бойынша базалық жәрдемақы үшін де белгілеу;
жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық қамтуды қамтамасыз ету;
мәртебесін және әлеуметтік кепілдіктерін анықтау;
мүгедектер үшін ашылған жұмыс орындарын мемлекеттік субсидиялауды, сондай-ақ мүгедектік мәртебесін алу және қайта куәландыру рәсімдерін оңтайландыруды қоса алғанда, қамтамасыз ету.
Халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту
Табыс деңгейі әртүрлі адамдарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту мақсатында, біздің пікіріміз бойынша, мыналар қажет:
Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту
Азаматтардың қазіргі заманғы, сапалы медициналық көмек алуы және денсаулығын нығайту мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды ұсынады:
Осы және басқа да шаралар іске асыру арқылы күткендегідей халықтың өмір жасының ұзақтығын арттыру, ана мен бала өлімін екі есеге азайту, сондай-ақ туберкулезге шалдығу 20 пайызға төмендеуі мүмкін.
Білім және ғылымды дамыту
Азаматтардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету және республиканың ғылыми әлеуетін нығайтумақсатында мыналар маңызды деп есептейміз:
3 пайызына дейін арттыру;
ауылдық жерлерде де толық қамтылуын қамтамасыз ету;
денсаулығы бұзылған балалары үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құру;
енгізу;
аккредиттеуге және емтихандар өткізуге тарту;
айырбастау мүмкіндігін қоса алғанда, Бірыңғай ұлттық тестілеуді жүргізудің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету;
тәжірибелерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;
жемқорлықтың алдын алу және қарсы тұру жөніндегі шараларды кеңейту;
жасаудың есебінен ғылымның практикалық тартымдылығын арттыру;
қызметтің және ғалымдар мен инженерлер мамандықтарының рөлін арттырып, көпшілікке тарату үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру жүйесін құру.
Ауылды және ауыл шаруашылығын көтеру
Республика халқының жартысына жуығы ауылда өмір сүреді. Сондықтан да Қазақстанның табысты дамуы ауылдар және селолардағы тұрғындардың тіршілік әрекеттері үшін қолайлы жағдайлар жасалмайынша мүмкін емес, ол үшін «Ақ жол» партиясы мыналарды талап етеді:
жолдарды, мектептерді, медициналық мекемелерді, спорт залдарын, моншаларды, ауыз сумен қамтамасыз етуді, отынды, электр энергиясын, байланысты және т.б. қоса алғанда, толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;
ғимараттар салу тәжірибесінен бас тарту; мектеп, пошта бөлімшесі, медициналық пункт, ауыл әкімдігі және т.б. селодағы қызметтерді қатар қолданатын бәріне бірдей типтік ғимаратта орналастыруға көшу;
автомобиль жолдарын реконструкциялау және жаңа жолдар салу;
әзірлеу және іске асыру;
бағдарламасына енгізу, бұл үшін мемлекеттік құрылыс компанияларының келешегі бар ауылдық елді мекендерде жаңа тұрғын үй салуын қамтамасыз ету.
Қазақстанның ұлттық экономикасының аграрлық секторын қарышты дамыту мақсатында мыналар қажет:
Парламентпен бекітуге қол жеткізу; ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына парламенттік мониторинг жүргізу;
айналысатын ауыл тұрғындарына басымдық беріп, тек қана Қазақстан азаматтарына беруді қамтамасыз ету;
Бизнес ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау
«Ақ жол» партиясы Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті және нарықтық экономика құрудың, жеке, ең әуелі, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың табанды жақтаушысы болады. Әрбір қазақстандықты мұнайшы немесе банкир жасау мүмкін емес. Бірақ бұқаралық шағын және орта бизнес экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы ірі корпорациялардың табыстарын қайта бөлудің тиімді арнасы болуға, әрбір қазақстандық отбасын ұлттық экономиканың ғаламдық жетістігіне араластыруға қабілетті. Бұл стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін келесі шаралар кешенін іске асыру қажет:
Жеке кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін ынталандыру және оның экономиканы және әлеуметтік салаларды дамыту үдерісіндегі мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мыналар қажет:
Экономикалық дамудың және шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды тірегі ресурстық ұлтшылдықсаясаты болуы тиіс. Табиғи ресурстар мен жер қойнауларын пайдалану ең алдымен Қазақстан халқының мүдделеріне қызмет етуі тиіс. «Ақ жол» партиясы инвестициялар тартуды және инвесторлар үшін, келісім-шарттардың тұрақтылығын қоса алғанда, қолайлы жағдайлар жасауды қолдайды.
Сонымен қатар, шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қызметіндегі қазақстандық құрамның үлесін 50 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету қажет деп есептейміз. Бұдан басқа, норвегтік тәжірибе бойынша, жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін ірі инвесторлар қазақстандық (не бірлескен) кәсіпорындарға қолданып жатқан жабдықтардың, оның жинақтамаларының технологиясын және өндірісін береді; сондай-ақ осындай жабдықтарды сатып алуға, қазақстандық сервис компанияларының қызметіне тапсырыс беруге, азық-түлік өнімдерін, арнайы киімдерді және т.б. сатып алуға міндеттенеді. Сонымен, табиғи ресурстарды пайдалану өзінің соңынан экономиканың аралас секторларында шағын және орта бизнесті дамытуға себін тигізуге қабілетті болады.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы «Офсеттік саясат туралы» және «Ұлттық компаниялардың, мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындардың және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіндегі сатып алулар туралы» заңдарының тезірек қабылдануына және іске асырылуына қол жеткізетін болады.
«Ақ жол» ҚДП-ның адал бизнесті қолдайтындығын, қоғам, мемлекет және адал бәсекелестіктің мүдделерін белден басатын «жылпостарға» төзімсіз болатынын ерекше атап өтуді қажет деп санаймыз.
Коммерциялық пайда табудан тыс, бизнес бүкіл қоғам өмірінің сапасын жақсартуға, және ең ақырында – байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталуы тиіс.
ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІК ҚҰРУЫН ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Республика азаматтарының коституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын толыққанды және тиімді қамтамасыз ету үшін және заңның үстемдік құруы үшін тиісті құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық тетіктерді жетілдіруге, тәуелсіз және әділетті сот төрелігін дамытуға, құқық қорғау органдарының қызметіне парламенттік және қоғамдық бақылауды күшейтуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсылықты күшейтуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрес
Жемқорлық бизнеске және азаматтарға заңсыз қосымша салық салудың түріне айналды, ал өзінің қылмысты және барабар емес кірістерімен ол қарапайым адамдар мен қатардағы кәсіпкерлердің адал еңбегін сенімсіздендіреді.
Қоғамда жемқорлықты қабылдамайтын және оған төзбейтін ахуалды қалыптастыру және оның кез келген көріністеріне қарсы әрекеттерді қүшейту мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналарды талап етеді:
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Ұрпақтардың рухани-мәдени тәжірибесінің сабақтастығы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудың басты негіздерінің бірі болып табылады. Ұлттық тарихымызды, өзіміздің төл бастауларымызды, қайнар көздерімізді, ерекшеліктерімізді ұғыну қоғамды рухани және идеялық біріктіруге қызмет етеді.
«Ақ жол» партиясы мыналар қажет деп есептейді:
қарай 80 пайызға көбейту;
телерадиобағдарламалардың мемлекеттік тілдегі уақытының көлемін 2020 жылға қарай 70 пайызға дейін арттыру;
фильмдерді кинотеатрларда көрсету үшін қазақ тіліне аударуды қаржыландыруды көбейту;
көпшілікке, соның ішінде орыстілді аудиторияларға да тарату және олардың ХХ1 ғасырда, әсіресе қазақстандық қоғамды еуропалық жолмен әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңғырту бөлігінде қажеттілігі жөнінде бағдарлама қабылдау;
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметі еліміздің ұлттық мүдделерін ескеру, оларды ілгері бастырудың және қорғаудың пәрменді тетіктерін құру, егемендігімізді, тәуелсіздігімізді және республикамыздың аумақтық тұтастығын нығайту негізінде жүргізілуі тиіс.
– респубиканың қорғанысқа қабілеттілігін нығайту, терроризмге, экстремизмге, трансұлттық қылмысқа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне және ұлттық қауіпсіздікке төнген басқа да қауіп-қатерлерге қарсы күресу мүдделері үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
– Республиканың Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға және нығайтуға, жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жетілдіруді қоса алғанда, бағытталған кешенді шаралар қабылдау;
– еліміздің Қарулы күштеріне, арнайы қызметтерге және құқық қорғау органдарына бөлінген қаржыларды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
– терроризмнің және экстремизмнің көріністерін, олардың әлеуметтік алғышарттарының: жұмыссыздық, әділетсіздік, жастардың баспанасының және жеке перспективаларының жоқтығы түріндегі өзекті проблемаларын шешу жолымен алдын алу; сондай-ақ республика халқының әр түрлі буындары мен топтарындағы өкілдерімен алдын алу жұмыстарын кеңінен жүргізу;
– экстремистік сипаттағы құқық бұзушылыққа қылмыстық жауапкершілікті күшейту, тиісті насихат жүргізу және осы қызметке азаматтарды, әсіресе жастарды тарту.
Мемлекет пен оның уәкілетті органдарының тиісті қызметі мемлекеттің әр түрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғай алатын қабілеттілігіне қазақстандықтардың сенімділігін туғызуы тиіс.
СЫНДАРЛЫ ОППОНЕНТТІК СТРАТЕГИЯ
«Ақ жол» партиясы Қазақстанның жаңа даму кезеңінде аталған проблемалар, қарама-қайшылықтар мен сын-қатерлер жағдайларында саяси пікірталастардың өзегі – қоғамдық-саяси тепе-теңдікті сақтау болатындығын алға тартады.
Бұл пікірталастарда «Ақ Жол» партиясы қалыптасу үстіндегі қазақстандық орта таптың ұстанымы мен мүдделері еліміздің барлық саяси күштерімен естілуіне және шешім қабылдау кезінде ескерілуіне бар күшін салады.
«Ақ Жол» Демократиялық партиясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге және қысым жасауға, қоғам мен мемлекет өмірінің әртүрлі салаларындағы төзбеушіліктің, заңсыздықтың, сыбайлас жемқорлықтың және экстремизмнің кез келген көріністеріне, республиканың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, оның халықаралық қауымдастықтағы абыройына нұқсан келтіретін әрекеттерге батыл қарсы тұрады.
Өмір көрсеткендей, «Ақ жол» партиясы азшылықта болғанның өзінде, саяси оппоненттерімен және міндетіне салақ қарайтын шенеуніктермен таласта ұлттық мүдделерді, кәсіпкерлердің құқықтарын және қарапайым адамдардың адамгершілік абыройларын қорғауға қабілетті. Сонымен қатар, біздің партия саяси оппоненттікті заңдардың негізінде, барлық парасатты азаматтарды біріктіру және демократиялық конституциялық құрылысты нығайту мақсатында жүзеге асырады.
«Ақ Жол» партиясы одан әрі де маңызды саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру процесіне белсенді түрде қатысуға және бұл процеске өзінің бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін кез келген заңды формалармен барлық деңгейлерде ықпал еуге ниетті.
Тиісті қызметін, билікке араласу мүмкіндігін қоса алғанда, партия қара бастың қамы емес, оны өзінің еліне және өзінің халқына тиімді қызмет етудің құралы ретінде қарастырады.
* * *
«Ақ жол» партиясы қоғамға жаңарған саяси бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары серпінін сақтауды көздейді.
Еліміздің алдында тұрған сын-қатерлер барлық сындарлы саяси күштердің, барлық отанымыздың тағдырына немқұрайдылық танытпайтын азаматтардың топтасуын талап етеді.
Партия аға буынға жүгінеді, олардың тәжірибесі мен кәсібилігі ХХ1 ғасырдағы Қазақстанды құруда бұрынғыдан да өте қажет.
Партия қоғамның ең бастамашыл және белсенді бөлігімен, Қазақстанның бизнесте, саясатта, ғылымда және мәдениетте болашақ келбетін анықтайтын адамдармен бірлесетінін атап көрсетеді.
Партия ең жақын келешекте еліміздің дамуына өз үлесін қосатын жастарға үміт артып, сөзін арнайды.
Партия ұсынып отырған бағдарлама, бұл реалистердің бағдарламасы. Істің нақты жағдайын білетін, еліміз үшін тәуекелдіктер мен мүмкіндіктерді түсінетін, және Қазақстанның игілігі мен өркендеуіне әрекет ететін адамдардың бағдарламасы!