«Абай институты» онлайн-платформасы әзірленді

«Абай институты» онлайн-платформасы әзірленді

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін танымал ету мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық  ғылыми - практикалық орталығы жанынан «Абай институты» қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасын әзірледі.

   Абай институты –барша әлемге қазақ тілін насихаттау, қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға, шетелдердегі қазақ диаспоралары үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге және тереңдетуге, Абайдың шығармашылығы мен идеяларын таныстыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға арналған бағдарлама.

      Абай институты шет елдерде  тек онлайн платформа арқылы іске асырылады.

   Абай институты аясында қазақ тілін оқыту алаңы https://abai.institute порталы арқылы жүзеге асады.

    Осы орайда, ү.ж.18 қарашада ZOOM платформасы арқылы өтетін «Абай институты» порталының ашылу рәсіміне қатысуға болады (идентификатор нөмірі: 8440048081, басталуы Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 16.00-де,қосымша ақпаратты +7 775 263 0091 ұялы нөмірі арқылы алуға болады).