Меню
Страницы

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен»  байқауы ашық деп жарияланады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істерминистрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 9-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

2014жылдан бастап байқау қазақстандық болмыстың әртүрлі аспектілерін барынша креативті, шынайы және объективті түрде жариялайтын шетелдік авторлардың жазба және бейне материалдарын іріктейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер сапалы контентті ұсынуда неғұрлым маңызды рөл аткаруда, сондықтан біз блогерлермен әлеуметтік платформалардың белсенді пайдаланушыларының Қазақстанға бірегей көзқарасымен бөлісуге қатысуын шын жүректен құптаймыз.

Байқауға қатысуға 2023 жылғы 1 тамыздан 2024 жылғы 1 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық (аналитикалық, мәдени-ойын-сауық, деректі жәнет.б.) материалдарды қамтитын өтініштер қабылданады.

Жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларымен Маңғыстау облысына сапаршегу жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.

Биыл «KazakhTourism» ұлттықкомпаниясы» АҚ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығы, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі», Ұлттықспорт Қауымдастығы және «JibekJoly» Ұлттық телеарнасы байқаудың серіктестері атанды.

Негізгі тақырыптан басқа осы жылы «KazAID» және Ұлттықспорт Қауымдастығы атынан жаңа номинациялар ұсынылады, олардың аясында екі жеңімпаз айқындалатын болады.

Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:

– Солтүстік және Оңтүстік Америка;

– Еуропа;

– ТМД;

– Таяу Шығыс және Африка;

– Азия-Тынық мұхит өңірі

және туризм, АӨСШК, «KazAID» пен ұлттық спорт түрлері тақырыптарына қатысты номинациялар бойынша төрт лауреат.

Сонымен бірге, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, байқау жеңімпаздарына арнайы мемлекеттік сектор өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады.

Байқау жеңімпаздарының құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстанның Бас редакторларклубының, «KazakhTourism», АӨСШК, «KazAID», Ұлттық спорт Қауымдастығының, сондай-ақ«JibekJoly» телеарнасының басшылары мен жауапты қызметкерлері кіретін қазылар алқасы айқындайтын болады.

Барлықжұмыстар2024 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей mediacontest2024@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2024 жылғы 5 тамызға дейін жариялау жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін mediacontest2024@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

Социальные медиа
• Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері