Тбилисиде Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Тбилисиде Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Тбилиси, 2025 жылғы 7 мамыр - Грузияда алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Отан қорғаушы күніне орай салтанатты қабылдау өтті.

Іс-шараға Грузияның Қорғаныс министрлігі мен Бас штабыныңө кілдері, Тбилисиде аккредиттелген әскери атташелер, сондай-ақ журналистер мен сарапшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, біздің еліміз дәйекті және бейбіт саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. «Дегенмен, Қазақстан армиясы мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын сенімді күзетуде. Былтыр біз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді», деді өз сөзінде дипломат.

Елші сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдауға айрықша мән беретініне тоқталды.

М.Мырзалин Қазақстан мен Грузия қарым-қатынастарысаяси,экономикалық, мәдени-гуманитарлық,сондай-ақ әскерижәне қорғаныс  салаларындатабыстыдамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстанның Грузиядағы әскери атташесі Қазез Тілеубаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақстандық Қарулы Күштер өз әлеуеті мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін көрсеткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өткен әскери шеру туралы айтып берді.

«Өткен 33 жыл ішінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әскерлердің жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған ұйымдық-құрылымдық сипаттағы бірқатар өзгерістер болды. Геосаяси жағдайды және мемлекетіміздің халықаралық аренадағы ұстанымын ескере отырып, заңнамалық база жетілдірілді, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері жақсарды», деді атташе өз сөзінде.

ГрузияҚарулыКүштері Бас штабы бастығының орынбасары, бригадалық генерал Ираклий Чичинадзе Қазақстанды мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Грузия тарапының осы процеске одан әрі күш салуға дайын екендігін білдірді.

Қабылдау барысында бригадалық генерал Ираклий Чичинадзе Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

Іс-шара аясында фотокөрме ашылып, қазақстандық армия туралы бейнероликтер көрсетілді.