Қазақстанның Тбилисидегі Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалиннің Польша Республикасының Грузиядағы жаңа Елшісі Артур Гебалмен кездесуі өтті.
Әңгіме барысында дипломаттар өз елдері мен аккредиттеу мемлекеті арасындағы екіжақты қатынастар, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер туралы пікірлермен алмасты.
Елші М.Мырзалин әріптесін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.
Артур Гебал мырза 2025 ж. қаңтар айынан басталған Польшаның Еуропалық Одаққа төрағалығының басымдықтары жөнінде әңгімеледі.
Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды және өзара ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.