В Грузии состоялся фестиваль Наурыз

В Грузии состоялся фестиваль Наурыз

Тбилиси, 2025 жылғы 23 наурыз – Грузия астанасының тарихы орталығы Абанотубанида көктем мерекесі Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекені Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түркия және Түрікменстан елшіліктері, сондай-ақ Тбилиси қаласының мэриясының қолдауымен осы елдердің диаспоралары мен мәдени орталықтары ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараға қала тұрғындары, сонымен қатар осы күндері Грузияда қыдырып жүрген түрлі елдердің туристері де қатысты.

Іс-шараға Тбилиси қаласының мэрі Каха Каладзе, Тбилиси қалалық кеңесінің төрағасы (Сакребуло) Георгий Ткемаладзе және Грузияның басқа да ресми өкілдері қатысты. Қазақ халқының дәстүрі бойынша бас қонаққа ұлттық шапан жабылды.

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың бірлік пен келісім мерекесі, сондай-ақ достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті. Көктемгі мерекені тойлаудың жаңа форматы, «Наурызнамның» онкүндігі туралы айтып берді.

Тбилиси қаласының басшысы Каха Каладзе құттықтау сөз сөйлеп, халықтарымыз арасында тығыз достық қарым-қатынас орнатуда халықаралық Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Грузия астанасында жарқын мереке өткізгендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін, Наурыз мейрамы (Новруз Байрам) 2010 жылдан бастап Грузияда жалпыға ортақ халық мерекесі болып тойлануда, деп атап көрсетті.

Мәдени бағдарлама барысында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Өрен» домбырашылар ансамблі, сондай-ақ дәстүрлі және эстрада әншілері Ақмарал Арғынқызы, Айнұр Омарова, Данияр Кенжеғали, Сәбит Шектібаев өз өнерлерін ұсынды. Қазақтың әйгілі күйлері мен танымал туындыларының шебер орындалуы көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды.

Фестивальде Грузия Федерациясының «Қазақ күресі» спортшылары өнер көрсетті, бұл көрініс күрестің көптеген дәстүрлі түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақ ұлттық күресіне деген шетелдіктердің қызығушылығын тудырды.

Мереке қонақтары, Тбилиси тұрғындары мен туристері экспонаттармен: ұлттық киімдермен және зергерлік бұйымдармен қуана танысты. Дәстүрлі қазақ тағамдары, көктем мейрамының басты тағамы – «Наурыз көже» қойылған бай дастархан жайылды.

Ұлттар мен елдерді біріктіретін Наурыз фестивалі өз мақсатына жетті. Әрбір қатысушы, әрбір қонақ өз отанының тарихы мен мәдениетін көрсетіп қана қоймай, әртүрлі елдердің ұлттық шығармашылығының таңғажайып әлемімен танысты.