Тбилиси, 2025 жылғы 20 наурыз - Еуропалық мектепте оқып жүрген Қазақстанның жас өкілдері өз құрдастарына көктем мерекесі Наурызға арналған іс-шара өткізді.
Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі ұйымдастырған шараның басты мақсаты осы мектепте білім алып жатқан әр ұлт өкілдерінің жастарына Қазақстанды таныту болды.
Біздің болашақ ұрпақ ұлттық киімде ән айтып, би билеп, көріністер қойып, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қазақтың бай мәдени мұрасы дәріптеліп, түрлі ұлттық ойындар ойнатылды.
Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, бүлдіршіндердің өнеріне ризашылықтарын білдірді. Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухта қалыптасуына оң ықпал етері сөзсіз. Біз қазақ халқының рухани байлығын кішкентайлардың көзімен көруге шексіз қуаныштымыз, деп атап өтті қатысушылар.