Қазақстан мен Грузия - ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Грузия - ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/924159?lang=kk

Қазақстан мен Грузия АӨК саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

 Грузияға жұмыс сапары барысында Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Грузияның Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы вице-министрі Аполлон Какабадземен кездесу өткізді. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды.

Аманғали Бердалин Қазақстан мен Грузия арасындағы аграрлық саладағы өзара іс-қимыл екі елдің қарым-қатынасында басым орын алатынын атап өтті. АӨК өнімдерінің сауда серпіні оң өсімді көрсетіп отыр: 2024 жылдың 11 айында Қазақстанның Грузиямен тауар айналымы 65,4 млн долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1% - ға артық. Бұл ретте Қазақстаннан экспорт 28,2% - ға ұлғайды.

Вице-министр қазақстандық бизнестің Грузияға астық, ұн, өсімдік майлары, ет және сүт өнімдері, бал және кондитерлік өнімдерді қоса алғанда, түрлі тауарлардың экспортын жолға қоюға мүдделілігін атап өтті.

Кездесу барысында асыл тұқымды, пайдаланушылық және сойылатын ірі қара малға ветеринариялық сертификаттардың нысандарына қол қойылды, бұл сауда ынтымақтастығын кеңейту үшін қолайлы жағдай туғызады. Атап айтқанда, Грузияда ет өнімдерінің жоғары құны қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұдан басқа, қазақстандық тарап ведомстволар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды, бұл мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тамақ өнімдері мен жемшөп қауіпсіздігі, ветеринария және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді.

Аполлон Какабадзе барлық ұсыныстарды қолдады және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

ҚР үшін ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесі маңызды аспект болып қала береді. Елде өнімнің есебін, мониторингін және қадағалануын жақсарту үшін ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және етті ветеринариялық-санитариялық сараптау жүйелері жұмыс істейді. Жоспарда - Еуропалық Одақ елдерімен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысын қадағалау бойынша интеграция жасау. Осыған байланысты Грузияның АӨК-дегі процестерді цифрландыру және автоматтандыру тәжірибесі ФАО-мен бірлесіп жүзеге асыратын ерекше қызығушылық тудырады.

Сондай-ақ, Аманғали Бердалин ФАО-ға Қазақстандағы «Бірыңғай денсаулық» жобасы аясында «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталық» үшін ветеринариялық зертханалық жабдықтар мен «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» үшін арнайы техника сатып алуға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

«Бұл жоба ел үшін маңызды, өйткені ол микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы күресте әлеуетті арттыруға, зооноздық аурулардың алдын алуға және эпидемиологиялық қадағалауды дамытуға бағытталған», - деді вице-министр.

Ұлттық азық-түлік агенттігінің өкілдерімен кездесуде ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.

Жұмыс бағдарламасы аясында Грузияның қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринариялық зертханасына, Ұлттық азық-түлік агенттігінің аймақтық ветеринариялық кеңсесіне және Шида Картлидегі сою алаңына барды.

***

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/932103?lang=kk

Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды

 Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Грузия мемлекетімен жұмысты бастап кеттік. 2023 жылы біз ол елге бидай да, ет те шығармаған болатынбыз. 2024 жылы олармен қарым-қатынасты түзеп, бидай, сиыр еттерін экспорттадық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 71 млн долларға экспорт жасалды. Бидай мен етті экспорттау бойынша жұмыс биыл да жалғасатын болады, - деді министр Қазақстан және Грузия Үкімет басшыларының келіссөзінен кейін БАҚ өкілдеріне. 

АШМ басшысының айтуынша, биыл бидайдың бағасы былтырғы жылға қарағанда төмен. Сол себепті екі ортадағы логистикаға субсидия төленеді.

Грузияға биыл 80 мың тонна бидай экспорттауға келістік. Олардың жылдық тұтыну қажеттілігі 80-100 мың тонна. Ал ет бойынша, олардың тарапынан қанша сұраныс болса, біз сонша ет жеткізуге дайынбыз, - деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жыл ішінде ел экономикасына грузиялық инвесторлар қанша қаржы құйғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылы 62 пайызға артты. 

Дереккөз: www.inform.kz